Аймақтар • 11 Шілде, 2022
Мәжіліс депутаттары, Amanat партиясы фракциясының мүшелері – Аманғали Бердалин, Ғалымжан Елеуов, Сергей Симонов партияның Жол картасы аясында Ақтөбеде салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты.
Тарих • 05 Шілде, 2022
Ескерткіштер – елдің өткені де, ертеңі де
Алматыда Ғылым ордасында Ақтөбе облысындағы Алмат тамы кесенесі мен Досжан хазірет кешеніне (мешіт, кесене, медресе, тұрғын үйлер) жүргізілетін реставрация жұмыстарын талдау жөнінде ғылыми-әдістемелік кеңес өтті. Бұл жиында өңірдегі ескі тарихи сәулет ғимараттарын қалпына келтіру мен консервациялауға қатысты күрделі мәселелер де айтылды. Өңірде мамандардың тапшылығы, реставрациялау мен консервациялау жұмыстарында орталықтағы ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін басшылыққа алуды қажет етеді.
Аймақтар • 28 Маусым, 2022
Халықаралық стартап байқауында үздік шықты
Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Арман Жалғасбаев Caspian Startup-2022 халықаралық стартап байқауында жеңімпаз атанды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақтөбенің ақпарат әлемі» атты көрме өтті.
Қоғам • 26 Маусым, 2022
Жаз басталғанда мектеп оқушылары үшін қала сыртындағы жазғы лагерьлердің тапшылығы айрықша сезілді. Ақтөбе облысында 153 мың мектеп оқушысы болса, бүгінде олардың 28 пайызы ғана каникул күндерін табиғат аясындағы лагерьлерде демалуға мүмкіндігі бар. Мамырдағы облыстық мәслихат сессиясында жергілікті бюджеттен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 325 млн теңге қаржы бөлінді. Оған өңірдегі 15 мың мектеп оқушысын мектеп жанындағы және табиғат аясындағы лагерьлермен қамту көзделді. Соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары, ата-анасы жоқ, қамқоршылықтағы және мүгедектігі бар 3 мың оқушы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьде демалатын болды.
Қоғам • 21 Маусым, 2022
Шетелдегі қазақ балалары атажұртта демалады
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің алаңында «Ана тілі әлемі» халықаралық тілдік лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маусымның соңғы онкүндігінен бастап, шілденің ортасына дейін осы оқу орны қабырғасында ұйымдастырылған жазғы лагерьде Ресей Федерациясының Алтай, Татарстан Республикасы, Санкт-Петербург қаласы мен Орынбор, Ор, Саратов, Омбы, Челябі облыстарында тұратын қазақ отбасыларының балалары демалады.
Саясат • 15 Маусым, 2022
Әлеуметтік инфрақұрылым тұрмысты жеңілдетеді
Ақтөбе облысы тұрғындарының 97,2 %-ы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Былтыр 10 ауылға ауыз су құбыры, 16 елді мекенге газ құбыры тартылса, биыл 11 елді мекенге орталықтандырылған су, 9 ауылға газ құбыры тартылады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.
Қоғам • 13 Маусым, 2022
Он екі жастағы баланы ит талап, жазым етті
9 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын үй алабындағы салынып жатқан құрылыс алаңынан түнгі сағат 12-де баланың мәйітін тапқан осы аумақтың күзетшісі полицияға қоңырау шалған. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, баланың «көп қан жоғалтып, басы, денесі, қолы мен аяғында жұлынған жарақаттары түрінде зорлықпен өлу дерегі бар» екендігі анықталған. Былайша айтқанда, денесінің сау-тамтығы қалмаған, ит талаған. Сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан • 12 Маусым, 2022
Соңғы санақ бойынша, ел аумағында 1 млн 318 мың бас киік бар екен. Қазақ жерін ежелден мекендейтін осы жануар жаз жайлауы мен қыс қыстауы ерекшелігіне байланысты Бетпақдала, Үстірт, Орал тобына бөлінеді. Қазіргі таңда даламызды мекендейтін Үстірт киіктерінің саны – 28 мың, Бетпақдала тобы – 489 мың, Орал тобы 801 мың басты құрайды.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Ақтөбеліктердің белсенділігі жоғары
Ақтөбе облысында 517 сайлау учаскесі болса, өңірде дауыс беру құқығы бар 560 мың адам тіркелген. Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер бойынша өткізіліп жатқан жалпыхалықтық референдумда ақтөбеліктер белсенділік танытуда, деп хабарлайды Egemen.kz.