Сайлау • 20 Қараша, 2022
Әлем чемпионы жарыстан орала сала дауыс берді
Каратэден Әлем және Еуропа чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласының және Алға ауданының құрметті азаматы Әшім Қали отбасымен Ақтөбе қаласындағы Индустриальды колледж ғимаратында орналасқан №39 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 17 Қараша, 2022
Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігі еленбей қалған қазақ мергендерінің бірі – Әйтеке би ауданына қарасты Ақкөл ауылының «Қауақ» ұжымшарынан әскерге шақырылған Қуанай Әбдірахманов. Барлаушы-мергеннің ерлігі туралы туыстарының қолында сақталған жалғыз дерек – «Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылдың 10 желтоқсанында (№244 саны) жарық көрген «Мергеннің есебі» атты мақала.
Білім • 14 Қараша, 2022
Ақтөбе облысында ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру мақсатында «Білім АLL» жобасы бастау алды. Жобаға материалдық-техникалық базасы нашар, білікті мұғалімдері аз, оқушыларының білім көрсеткіші өте төмен 120 шағын жинақты мектеп таңдап алынды. Бүгінде мұндай мектептерде 10 575 оқушы оқиды.
Қоғам • 14 Қараша, 2022
Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар бойжеткендер арасында сұлулық сыны өтті. Оған талантты, сұлу, білімді, қолдарынан өнері төгілген арбадағы жеті ару қатысты. Нәтижесінде, қатаң сынақтардан өтіп, іріктелген үміткерлердің арасынан бас бәйге Гүлфайра Рамазановаға бұйырды.
Аймақтар • 08 Қараша, 2022
Ақтөбе облысында ауыл адамдарының табысын арттырып, жұмыссыздықты азайту және әр отбасының кірісін ұлғайту мақсатында «Ауыл аманаты» қанатқақты жобасы басталды. Тұрғындардың өз ауласын табыс көзіне айналдыру жобасына 12 аудандағы 24 ауылдық округтің 42 400 тұрғыны қатысады.
Экология • 31 Қазан, 2022
Бес жыл бұрын қазан айының қақ ортасында Мәртөк ауданының Қазан елді мекеніне Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданынан 150 бас марал әкелінді. Осы кезге дейін Ақтөбе облысында марал-бұғы өсіруді ешкім кәсіп қылмағанымен, Мәртөк ауданында ойда жоқ шаруаны қолға алған ерлі-зайыпты Ертарғын мен Бануға әуелгіде жұрт сенімсіздікпен қарады.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Ақтөбе облысында «Мерейлі отбасы» сайысында Оспанұлы әулеті үздік деп танылды. Осы кезге дейінгі сайыста он баласы мен олардан өрген немере-шөберелерін 92 жастағы Шәмшия Бақова өзі бастап шығып таныстырған болатын. «Алтын алқа» иегері Шәмшия әже Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінде ұзақ жыл бойы кітапханашы болып қызмет атқарып, отағасы Оспан Бақов екеуі он бала өсіріп тәрбиелеген.
Білім • 20 Қазан, 2022
Ақтөбе облысында 426 мектеп болса, олардың тең жартысы елді мекендерде орналасқан. Жаһандық өзгерістер білім саласын да айналып өтпеген қазіргі тұста ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы білім айырмашылығын жою артықшылық берілген бағыттардың біріне айналды. Өйткені жылма-жыл ауыл мектептерінің оқушылары мен қала оқушылары арасында білім алшақтығы ұлғайып барады.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан музейлері ұлттық қауымдастығының» құрметті мүшесі, Ырғыз ауданының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы Рысжан Ілиясқызын еске алу шаралары өтті. Былтыр 82 жасында дүниеден өткен апай өңіріміздің мәдениет саласына жарты ғасыр еңбек сіңіріп, талай дәуірдің тамаша жәдігерлерін тиянақты қолымен жинақтады.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет
Ақтөбеде ХVІІІ ғасырдағы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезеңіндегі ел бірлігі жолында күрескен көрнекті тұлғалардың бірі Есет Көкіұлының 355 жылдығы тойланды. Мұнымен бір кезде Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Қ. Мұханбетқалиұлының Сырым Датұлының өміріне арналған «Тар кезең» қойылымының премьерасы болды. Батыр жерленген Алға ауданындағы Бестамақ елді мекенінде қилы заман қаһарманын еске алу шаралары өтті. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген атбегілер, палуандар сайысты. Тама Есет батырдың мерейтойы Ақтөбеде 16 арқалы ақынның сөз сайыстырған өткен айтыспен аяқталды.