
Спорт • 02 Ақпан, 2021
Әрбір жеңіс – тәуелсіз Қазақстанның жетістігі
Отыз жыл ішінде Қазақ елі күрделі кезеңнің түрлі сын-өткелдерінен өтті. Тәуелсіздік алған жылдары экономикалық жағдай мықты болмағанымен, мемлекетіміз елімізді төрткүл дүниеге танытатын спорттың дамуына, спортшыларымыздың дүбірлі жарыстарда атой салуына барынша қолдау көрсете білді. Ол бүгінге дейін жалғасып келеді. Нәтижесінде, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде алты рет (1996-2016 жылдары) жазғы Олимпиадаға қатысып, жалпы жиынтығы 64 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 28 қола медаль жеңіп алды. Егемен ел болғаннан бері боксшыларымыз Василий Жиров, Ермахан Ибрайымов, Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, жеңілатлет Ольга Шишигина, велошабандоз Александр Винокуров, суда жүзуден Дмитрий Баландин сынды саңлақтарымыз Олимпиада тарихына алтын әріптермен жазылды. Жеңістің барлығы ел тәуелсіздігінің және мемлекеттің спортты дамытуға деген сындарлы саясатының арқасында келіп отыр. Бүгін біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұлттық спортты асқақтатқан саңлақтардың жетістіктерін спортсүйер қауымға қайта ұсынғанды жөн көрдік.
Саясат • 22 Қыркүйек, 2020
Nur Otan праймеризіне қатысушылар 30 мыңнан аса үгіт іс-шарасын өткізді
«Nur Otan»-ның партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2020
Жерге қаратқан командалар жанкүйерлерден кешірім сұрай ма?
Қазақ жанкүйерлері бұрын-соңды осылай жерге қарамаған шығар. Төрт команда алты ойын өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Клубтардың осындай аянышты күйге түсуіне түрлі себептер мен сылтаулар айтуға болар. Алайда чемпионатты ұйымдастыруды қайта-қайта кейінге шегере берген Қазақстан футбол федерациясының әрекеті ақтауға келмейді деген ойдамыз және сол үшін де федерация басшылығы мен команда бапкерлері жанкүйерлерден кешірім сұрауы керек.
Теннис • 18 Қыркүйек, 2020
Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші айналымына шықты.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2020
«Тур де Франста» жеңіске жетті
«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Тур де Франс» көпкүндігінің 17-ші кезеңінде жеңіске жетті.
Кәсіпқой бокс • 17 Қыркүйек, 2020
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ бойынша рейтингін жаңартты.
Теннис • 17 Қыркүйек, 2020
Қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің екінші айналымына шықты.
Футбол • 17 Қыркүйек, 2020
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасында гол соқты.
Кәсіпқой бокс • 16 Қыркүйек, 2020
16 қазан күні АҚШ-та Nelsons Promotion компаниясы кәсіпқой бокс кешін өткізеді. Онда Қазақстанның екі боксшысы ринг төріне шығады.
Теннис • 16 Қыркүйек, 2020
Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA турнирін жеңіспен бастады.