Спорт • 16 Шілде, 2021
Қазақстан спортшылары Токиоға аттанды
Бүгін Алматы халықаралық әуежайынан сағат 23:00-де Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Олимпиадаға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Балуандарымыз бас жүлде үшін белдесе ала ма?
Енді санаулы күндерден кейін Жапонияның Токио қаласында жазғы Олимпия ойындарының алауы жағылады. Пандемияға байланысты бір жылға кешігіп жеткен аламанға Қазақстан спортшылары сақадай-сай отыр. Отандастарымыз Токио төрінде спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Қоржынымызда 96 жолдама бар.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Баландин Visa картасына «сыйып кетті»
Олимпиада ойындары қарсаңында Токиода Қазақстан олимпиадалық құрамасының ресми серіктесі Halyk Bank стильді олимпиадалық дизайнмен арнайы Visa картасын ұсынды. Банк картасында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2021
Луценко Олимпиадада топ жаруы мүмкін
Токио Олимпиадасында велоспорттан ел намысын үш спортшы қорғайды. Олар ‒ Алексей Луценко, Дмитрий Груздев және Вадим Пронский. Олимпия ойындарында Қазақстан командасының капитаны міндетін Алексей Луценко атқарады.
Спорт • 13 Шілде, 2021
Токио-2020: Қазақстан спортшылары туралы қызықты 10 дерек
Бүкіл әлем тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасының басталуына небәрі он күн қалды. Тура он күннен кейін 23 шілде күні Жапония астанасы Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан Олимпиадалық құрамасы бүгінде барлық спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына деген дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Токио Олимпиадасының он күн қалуына орай тілшіміз Olympic.kz сайтына сілтеме жасап, Қазақстан спортшылары туралы он дерек ұсынды.
Тәуелсіздік • 02 Шілде, 2021
Алаштың Көк байрағын кімдер көтереді?
24 шілдеде ХХХІІ Токио Жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанады. Қазақстан спортшыларының еншісінде әзірге 90-ға жуық жолдама бар. Жолдамалар саны әлі өсуі мүмкін.
Спорт • 23 Маусым, 2021
Футбол тарихындағы сәтсіз жоба
Күллі жанкүйерді теледидар алдына жинаған «Еуро-2020» турнирін көріп, аталған додада дебюттік ойындарын өткізіп жатқан құрамаларға қызыға да, қызғана да қараймыз. Себебі кезінде деңгейі бізбен бірдей елдің футболы бүгінде қарыштап дамып кеткен. Ал бізде ше?
Спорт • 09 Маусым, 2021
Чемпиондарды үлкен өмірге жетелейтін мектеп
Мемлекет қолдауының арқасында бүгінде Қазақ елінің спортшылары халықаралық ареналарда топ жарып жүргені белгілі. Тәуелсіз ел болған 30 жыл ішінде сайыпқырандарымыз Олимпиададан жалпы жиынтығы 64 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 28 қола медаль қанжығаға байласа, әлем чемпионаттарында спортшыларымыз 46 алтын, 52 күміс және 101 қола медаль жеңіп алды.
Спорт • 25 Мамыр, 2021
Дзюдошылардың деңгейі Мажарстанда белгілі болады
Қазақстан құрамасының дзюдошылары маусымның 6-13 күндері Будапештте (Мажарстан) өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Спорт • 05 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газеті Қазақстан спортшылары қатысқан Олимпиада ойындарында олжа салған оғландарымыз бен әлем чемпионаттарында аты озған спортшылар туралы жазған еді. Ендігі кезекте еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарған балуандарымыз туралы әңгімелейміз. Жалпы, Қазақстан құрамасының еркін күрес шеберлері Азия чемпионатына 1993 жылдан бастап үздіксіз қатысып келеді. Содан бері біздің балуандар Азияның 22 алтын, 26 күміс, 36 қола медалін жеңіп алды.