Экономика • 10 Ақпан, 2026
Өндіріс экономиканың өрісін кеңейтеді
Ел экономикасының жай-күйін ең алдымен өнеркәсіп саласынан аңғаруға болады. Сарапшылар экономикалық ахуалды сандық көрсеткіштермен емес, оның ішкі құрылымымен бағалауы керек дейді. Өйткені бүгінгі өндірістің өркендеуі – ертеңгі экономиканың өлшемі. Былтырғы қаңтар-қараша айларында елдегі өнеркәсіп өндірісі 7,4%-ға артты, оның көп бөлігі тау-кен өнеркәсібінің есебінен болды.
Саясат • 10 Ақпан, 2026
Мүгедек жандарға қандай салық жеңілдігі бар?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің төртінші отырысында Салық кодексін енгізу мәселелері қаралды. Осы жиында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алған ұйымдардың өтініштері тыңдалды. Негізгі мәселе жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты болды. Атап айтқанда, мұндай қызметкерлерге салық қалай есептелетіні талқыланды.
Экономика • 07 Ақпан, 2026
Енді банкте шот ашқанда адам өз ақшасын неге пайдаланатынын бірден көрсетуі керек. Ұлттық банк қабылдаған ережеге сәйкес, жеке шот ашу кезінде әрбір азамат арнайы өтінішке қол қояды.
Қаржы • 04 Ақпан, 2026
Қаржы жүйесін цифрландыру халыққа қаншалықты тиімді?
Елімізде цифрландыру жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы осы жылды Цифрландыру мен жасанды интеллект жылы деп жариялады. «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатырмыз. Қазіргі аяқ алысымыз жаман емес», деді Президент. Осы шешім мемлекеттік басқарудан бастап, қаржы саласына дейінгі барлық жүйені қамтып отыр.
Қаржы • 31 Қаңтар, 2026
Сауданың бір қызығы кэшбэк деген...
Ақша тиыннан құралады дейміз. Кэшбэк – дәл осы қағидатқа дөп келетін қаржы үнемдеудің бір тетігі. Бұл дегеніңіз – банк картасымен жасалған әр төлемнің белгілі бір саласы өзіңізге қайтып келуі. Осы тәсілді ұтымды әрі сауатты қолдана білсеңіз, қалтаңыздағы қаржыны әжептәуір үнемдей аласыз. Қазір банктер өздеріне клиент тарту мақсатында кэшбэк жүйесін жиі пайдаланады. Мемлекет те қарапайым фискалдық чекті пайда әкелетін құралға айналдырып, жұртшылықты ынталандырып отыр.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Жақында Мемлекет басшысы банктер және банк қызметі туралы жаңа заңға қол қойды. Заңға сәйкес енді екінші деңгейлі банктер бұрынғыдай бір ғана үлгімен емес, 2 түрлі лицензия арқылы жұмыс істейді. Олар – базалық және әмбебап лицензия. Бұл жаңашылдық банк нарығындағы бәсекені күшейтуге әрі жаңа ойыншылардың пайда болуына бағытталған.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Бөліп төлеу «батпан құйрық» емес...
Қазір кейбіреулер бір тауарды аларда оның толық бағасын емес, ай сайын қанша төлейтінін есептейді. Бөліп төлеуге жүгінеді. Қалтадағы қаражаттан гөрі алдағы жалақыға сену үйреншікті іске айналды. Бір қарағанда ыңғайлы көрінетін бұл үрдіс нарықтағы бағаға, адамдардың мінезіне, мемлекеттік реттеуге әсер етіп отыр.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Карта не шот жабылып қалса, бұл «ақшаңыздан айырылдыңыз» деген сөз емес. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінен (ҚНДРА) «Мұндайда не істеуге болады?» деп сұраған едік.
Саясат • 14 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында салық реформасына баса назар аударғаны белгілі. «Салық жүйесі – бүкіл мемлекеттік жүйенің негізі. Егер бюджетте қаражат болмаса, мемлекет өз функцияларын, соның ішінде әлеуметтік міндеттемелерін толық орындай алмайды», деген еді Президент. Үкімет те салық реформасына қатысты жаңа тәсілдер ұсынып, бел шеше кірісті. Қазір не өзгерді?
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Автокөлік өндірісінде өсім бар
Былтыр елдегі автокөлік зауыттары бұрынғыдан көп өнім шығарды. Өндіріс көлемі артты, жаңа зауыттар іске қосылды, салаға инвестиция көбейді. Алайда барлық өңірде нәтиже бірдей емес. Кей кәсіпорындар өсім көрсетсе, енді бірінде көрсеткіш төмендеді.