
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Құдыс жеріндегі қантөгіс тоқтатылып, мәселе бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз – Бас мүфти
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Палестинадағы қантөгіске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қазан, 2023
Спортшылардың көрсеткіші көңіл көншітпейді - министр
Туризм және спорт министрлігінде Қытайдың жазғы Азия ойындарындағы көрсеткішке сай есеп беру жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Қазақтың тұрмысында қыз алып қашу бұрын да болған – этнограф
Тараз қаласының №2 сотының судьясы Маңғыстау мен Ақтөбе облысының азаматтарына қыз алып қашқаны үшін жаза кесті. Жамбыл облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша қызды күштеп көлікке отырғызып алып қашуға қамданғандарды көрген көршілер полицияға хабарласқан. Жергілікті тәртіп сақшылары әбжіл қимылдап күдіктілерді ұстады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімі шығып, қыз алып қашқан азамат пен оның серігі айыпты деп танылып, 7 жылға сотталды. Елімізде адам ұрлау фактісі ауыр қылмыс санатына жатады. Азаматтардың құқығын, бостандық пен теңдіктегі негізгі ұстанымын бұзу болып саналатын адам ұрлау қылмысын жасағандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Спорт • 19 Қазан, 2023
Астанада бокстан Азия чемпионаты өтеді
Астана қаласында 21 қазан – 4 қараша аралығында бокстан жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Қытай нарығын зерттеген кәсіпкер Қазақстанда қандай зауыт ашса табысты болатынын айтты
Бақтияр Өсербекұлы – кәсіпкер. Ол бұған дейін техникалық жөндеу орталығында (ТЖО) механик болған. Осы саланы тереңдей зерттеп өзі техникалық жөндеу орталығын бір қаладан ашқан. Іздену мен еңбекті қабат өрбітіп үш жылда жеті қаладан техникалық жөндеу орталығының санын 460-қа жеткізген. Аз адамның күшімен орасан өнім өндіру қағидасымен еңбек ететін кәсіпкер бұл күнде Қытайдағы шағын өндіріс орталықтарын зерттеп жүр. Жуырда осы елдің даму үдерісін бағамдап қайтқан маманмен тілдесудің сәті түсті.
Қоғам • 19 Қазан, 2023
Елдегі 8,5 миллион адамның несиелік қарызы 18 триллион теңге – депутат
Ертең Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтеді. Осы тыңдауға қатысты Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Қазан, 2023
Теміржолшылар зейнетке 55 жастан шығуы керек – сенатор
Теміржолшылардың зейнеткерлік жасын 55 жасқа дейін төмендету керек. Бұл ұсынысты Геннадий Шиповских ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Шекара бекеттері тозып тұр – депутат
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутат Болат Керімбек шекара бекеттерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі түйткілді мәселені көтеріп, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Ақын Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын Несіпбек Айтұлының жаназа намазы оқылып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Франциядағы шенеунік қазақ қызының әкесі тері илеп, анасы мейрамханада жұмыс істейді
Этникалық қазақ Есім Сабаш Францияның Крей қаласында тұрады. Осы қала мэрінің орынбасары. Негізінен қаланың мәдениет саласына жауапты. Атажұртқа алғаш табаны тиген Францияның саяси қызметкерімен аз-кем тілдесіп, дидарласудың сәті түсті.