Спорт • 20 Қараша, 2025
Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиада аламанында спортшыларымыз орасан олжаға кенеліп жатыр. Сайыстың алғашқы аптасында-ақ еншілеген алтын медаль саны жөнінен тарихи нәтиже көрсетті.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында таеквондодан Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді. 82 кг салмақта сынға түскен жерлесіміз финалдық сайыста өзбекстандық Марат Мавлоновтан аса алмады. Ал Нұрбек Ғазез (67 кг) қола медаль олжалады.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Жұмысынан айырылғандарға демеу
Биыл 1 қарашаға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмысынан айырылған 308,4 мың адамға әлеуметтік төлем аударды. Олардың арасында 268,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 106,8 млрд теңге.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Еліміздегі үш мегаполис пен облыс орталықтарында инватакси қызметі бар. Инватаксидің игілігін тегін көріп келе жатқан жандар үшін биыл тағы бір қанатқақты жоба іске қосылды. Алдымен Алматы, Астана жүзеге асырылып, сынақтан өткен игі бастама келешекте өңірлерді де қамтиды.
Спорт • 18 Қараша, 2025
Жапонияның Токио қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды. Дүбірі төрткүл дүниені кернеген аламанда саңлақтарымыз алғашқы күндерден-ақ алтын медаль көсіп алып, мерейімізді тасытты. Қанжығамызда – төрт алтын медаль бар!
Футбол • 18 Қараша, 2025
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы матчын өткізді. «Астана Арена» стадионында Бельгия ұлттық құрамасымен тартысқа түсіп, ұпай олжалады.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Бүгін Жапония астанасында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Есту қабілетіне зақым келгендердің сайысында әлемнің 80 елінен 3 мыңға тарта қатысушы 21 спорт түрінен бақ сынайды. 26 қарашаға дейін Токио төрін дүбірге бөлейтін додада саңлақтарымыз спорттың сегіз түрінен сынға түседі.
Жұмыс • 15 Қараша, 2025
Биыл жыл басынан бері 10 айда 25,5 мың мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды. Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам тұрақты еңбек етеді. Жұмыс істей алатын мүгедектігі бар адамдардың 30%ы «екі қолға бір күрек» тауып отыр.
Спорт • 14 Қараша, 2025
71 жасында Азия чемпионы атанды
Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Азия чемпионатында (Asia Masters Athletics) жерлесіміз, жеңіл атлет Төлеген Қожахметов өз жас санатында толайым табысқа қол жеткізді.
Күрес • 14 Қараша, 2025
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылының тумасы, талантты балуан Нұржан Асан АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Bill Farrell International 2025» турнирінен жүлделі оралды. Грек-рим күресінен 87 кг салмақта күміс медаль иеленді.