Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2375 материал табылды

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023

Жайық жайылмасындағы қоқиқаз

Атырау қаласының маңында «Сасық сай» аталатын булану алаңы бар. Жайық өзенінің сол жағалауындағы сарқынды су құйылатын алаң 1945 жылдан бері бар. Жақында осы алаңға қоқиқаздар оралды.

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2023

Баспаналы болу бақыты

Басыбайлы баспанасы болғанын қаламайтындар жоқ шығар. Алайда толғауы тоқсан тіршілікте тұрғын үйге қолы жетпей жүргендер бар. Консти­туция күні қарсаңында Индер ауданында баспанаға мұқтаж отбасыларға 192 пә­тердің кілті берілді.

Қоғам • 30 Тамыз, 2023

Ата Заңды жатқа білетін жастар

Адам құқығының кепілі – ел Конституциясы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жыл сайын ақылы бөлімде оқитын студенттер ара­сын­да «Конституцияны жатқа білемін!» деп аталатын байқау өткізіп ке­ле­ді.

Аймақтар • 29 Тамыз, 2023

Чемпиондар шыңдалатын орда

Деннің саулығынан асқан байлық жоқ. Бірінші байлықтың қадірін біліп, бұқаралық спортты серік ететіндер көбейіп келеді. Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановтың айтуынша, қазір 227 мыңнан аса тұрғын спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өскен.

Аймақтар • 28 Тамыз, 2023

Медеттің Мерсиндегі қолтаңбасы

Елімізге, оның ішінде Атырау облысына жұмыс істеуге келетін шетелдіктер аз емес. Айшылық алыс елдерден кәсіп іздеген мигранттардың бір тобы мұнай-газ өнеркәсібіндегі түрлі жобада, көршілес мемлекеттердің екі қолға бір күрек ұстауды ар көрмейтін азаматтары құрылыс индустриясы мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүр. Ал қазақ жастары өзге елдегі жобаларға жұмыс істеуге бара ма?

Өндіріс • 25 Тамыз, 2023

Мұнай өңдеушілер де алаңдайды

Елімізде мұнай-газ қоры жеткілікті болғанымен, «қара алтынның» аз бөлігі ғана өңделеді. Табиғи бай­лық­тан жанар-жа­ғар­май түрлерін шы­ға­ратын отандық кәсіп­орын­ның бастауында өңірдегі ірі салық тө­леу­шінің бірі Атырау мұнай өңдеу зауыты тұр. Мұнайлы өңірдегі бұл зауыт 72 млрд теңгеден аса салық төлесе, оның 7 млрд теңгеге жуығы рес­пуб­ликалық бюджет­ке, 65 млрд теңгеден астамы жергілікті бюджетке тө­ленді.

Құқық • 25 Тамыз, 2023

Сыбайластықты анықтайтын жоба

Елімізде сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күресті күшейтудің түрлі жобасы бар. Жемсауы бүлкілдеп, қазынаның қаржысын молынан қарпып қалуды ғана көздегендердің адымын аштырмайтын құжаттың ең бастысы – 2022-2026 жылдарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қар­сы саясатының тұжырым­дамасы. Енді аталған тұ­жы­рымдама аясында «Сы­байлас жемқорлыққа қар­сы волонтерлік» ерік­тілер жобасы іске қосылып отыр.

Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген. Қаржы пирамидасына 296 салымшы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастар • 20 Тамыз, 2023

Шетелде оқитын түлектер

Шетелдегі танымал оқу орындарына оқуға шақырту алған атыраулық шәкірттер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітірген 18 өренге АҚШ, Германия, Канада, Италия, Мажарстан, Түркия, Чехия, Эстония секілді елдердің таң­даулы университеттері қызығушылық танытты.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2023

Сарайшық бүккен сыр

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық тарихи қалашығының ашылмаған сыры көп. Өйткені Алтын Орда дәуірінен басталатын қалашықтың тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Бұл жерден жыл сайын ел шежіресіне қосылатын құнды жәдігерлер табылып отыр.