Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
215 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 08:25

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Қарағанды облысында еңбекке қабілетті аға буынды қолдау жүйелі сипат алып келеді. «Күміс жас» пен «Алтын жас» жобалары зейнет жасындағы азаматтар-дың өмірлік тәжірибесін тиімді пайдаланып, оларды еңбек нарығынан шеттетпеуге бағытталған. Бұл бастама өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын күшейтуге ықпал етіп отыр.

Қоғам • 21 Наурыз, 2026

Сарандағы «сары қазақ»

Ана тілімізді жатқа соғатын «сары қазақ» атанғандар көп. Бірақ олардың ішіндегі Виталий Фаликтің орны бөлек. Оның қазақ тілінде сабақ беретіні емес, домбыраны жан серігі еткені, ұлттық өнердің жанашыры болғаны және таланты сарандықтарды таңырқатты.

Қоғам • 21 Наурыз, 2026

Өнегелі Ольга

Қазақтың келісті келіні атанған Ольга Худянның әкесі – қытай, анасы – украин ұлтынан. Бір қызығы, Ольганың тілі қазақша шығыпты. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өткен жерде өмірге келген ол өлке тарихын қазақ тілінде тақылдатқанда, таңдай қағып қаласыз. Осындай рухты қыздың Қарқаралыдағы Оқановтар әулетіне келін болуының өзі бір әңгіме.

Шаруашылық • 20 Наурыз, 2026

Аграрлы Арқа

Агроөнеркәсібі өркендеген Арқа өңірінің ауыл шаруашылығы саласында табысты өсім бар. Кешенді мемлекеттік бағдарламалар, техника паркін жаңартуға берілетін субсидиялар, арзандатылған жанар-жағар май, тамшылатып суару технологиясы, саладағы цифрлы жаңалықтар Арқа аграрларына серпін беріп отыр.

Энергетика • 17 Наурыз, 2026

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Желдің күші – табиғаттың сарқылмас байлығы. Кейінгі жылдары әлем елдері осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға басымдық беріп келеді. Еліміз де жаһандық үдерістен шет қалып отырған жоқ. Аталған бағыттағы іргелі жобалардың бірі Қарағанды облысы Осакаров ауданында табысты жүзеге асып жатыр.

Қоғам • 17 Наурыз, 2026

Кемел әулетінің кемеңгері

Толағай тауы етегіндегі ел ішінде берекесі мен бірлігі жарасқан Кемел әулеті жарастықты ғұмыр кешіп жатыр. Арғы аталары Кемел – атадан қалған жалғыз тұяқ. Сол жалғыздан бүгінде бір ауыл ел тарады. Тегінде тектілік, қанында қайсарлық бар Тыныштық ананың алтын құрсағынан өрбіген ұлағатты ұрпағы аналарын алақандарына салып отыр.

Ата заң • 17 Наурыз, 2026

Брайль қарпіндегі Ата заң

Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Этномәдени бірлестіктер де үн қосты

Елдің жарқын болашағы үшін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де өз таңдауларын жасады.

Ата заң • 13 Наурыз, 2026

Жаңартылған саяси бағыт

Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиа­лында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақы­рыбында ғылыми және сараптамалық қауым­дастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бас­қосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаң­ғыр­туға бағыт­талған конституциялық рефор­ма­ның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңір­лердің атқарар қызметі кеңінен тал­қы­ланды.

Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026

Көптің аманатын арқалаған

Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылы кейінгі жылдары тың тыныс алды. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғыны бар ажарлы қоныс – Бұқар жырау ауданындағы ең ірі әрі әлеуеті жоғары ауылдың бірі. Келбеті жайнаған, тіршілігі қайнаған ауылдың бүгінгі өзгерісінің басында жиырма жылдан астам уақыт жергілікті әкімдікте қызмет етіп келе жатқан Әлем Көпбаева тұр. Бас маман болып еңбек жолын бастаған ол ел сенімін еңсеріп, ауыл әкімі болып сайланады.

Яндекс.Метрика