Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Қазақстан оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды
Сингапурда өткен робототехникадан FIRST Global Challenge ең ірі чемпионатында Қазақстан оқушылары рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Аталған жеңіспен ұлттық құрама былтыр Женевада алған чемпиондық атағын қайталады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2023
Президент Қызылорда облысында маңызды нысандардың жобаларымен танысты
Мемлекет басшысына «Қызылорда – Жезқазған» автожолын салу барысы туралы мәлімет берілді. Осы күндері Қызылорда облысы аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Қазан, 2023
Президент «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Қазан, 2023
Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті
Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2023
Президент Сыр өңірінің еңбек адамдарымен жүздесті
Былтыр бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздескен Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 10 Қазан, 2023
Елордадағы жұмыссыз жастардың мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Астана қаласы Статистика департаментінің дерегінше, еңбекке қабілетті жастар саны – 298 мың, оның ішінде жұмыс істейтіндер 286 мың, жұмыссыз – 12 мың. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, оны елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Қазан, 2023
АЭС: Көкшетауда жария талқылау өтеді
Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қазан, 2023
Әмір Омарханов Оңтүстік Кореяда жарыс жеңімпазы атанды
Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетіп, жарыста Қазақстан теннисшісі жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2023
Қарағандыда жасөспірім жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған
Қарағандының медициналық мекемелерінің бірінде 17 жастағы науқас 112 арнасына қоңырау шалып, қалалық ғимараттардың бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы айтқан. Бұл туралы Polisia.kz сайтынан мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Қазан, 2023
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына Дәурен Қазантаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.