Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4191 материал табылды

Әлем • 20 Қараша, 2023

Қатты дауылдан жүк кемесі қақ бөлінді

Одесса қаласынан Түркияға қарай бет алған Pallada жүк кемесі Қара теңізде дауыл тұрған шақта жағаға шығып, қақ ортасынан екіге бөлініп қалған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2023

Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланады

Павлодар қаласы мен оған жақын елді мекендер аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы  қала әкімі Хасар Хабылбековтың шешімі «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ANTIKOR • 20 Қараша, 2023

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы әшкереленді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрме • 20 Қараша, 2023

Панфилов пен оның отбасына арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған «Отбасы тарихы – ел тарихы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар • 20 Қараша, 2023

Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады

БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара  барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан • 20 Қараша, 2023

Су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға мүдделіміз – министр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 20 Қараша, 2023

Спортшыларымыздың өткен аптадағы жарқын жеңістері

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі өткен аптадағы Қазақстан спортшыларының жалпы жетістіктері туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушы • 17 Қараша, 2023

Атыраулық құтқарушылар жоғалған қызды аман-есен тапты

Атырау қаласында 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған жиырма жастағы қызды бүгін сағат 10:20-да атыраулық құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәдігер • 17 Қараша, 2023

Кенесары ханға Марал ишан тарту еткен Құран кітап Ясауи кесенесіне қойылды

Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін кітапты кесенеге тапсыру шарасы өтіп, оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Парламент • 17 Қараша, 2023

Параспортшылардың бөлек комитеті құрылатын уақыт жетті – депутат

Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Сейітжан Кенжеғұл параспорт мәселелеріне қатысты депутаттық сауалын Атырау әкіміне және Бас Прокурорға, сонымен қоса, Туризм және спорт министріне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.