Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
4122 материал табылды

Президент • 18 Тамыз, 2025

Президент Ақмола облысы әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаруашылық • 18 Тамыз, 2025

Елімізде мал азығын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қысқы маусымға дайындық шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бүгінде 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалған, деп жазады Egemen.kz. 

Жасанды интеллект • 18 Тамыз, 2025

Қорғаныс министрлігінде ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құрылды

ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 18 Тамыз, 2025

Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласындағы жұмыстарын жоғары бағалады

Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Орталық Азия жобасының жетекшісі Александр Николаенко су дипломатиясы саласындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 15 Тамыз, 2025

Мерекелік акция аясында 2000 адамға тегін заңгерлік кеңес берілді

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде нотариаттық палаталармен және адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып әділет органдарының ұйымдастыруымен «Әрбір азаматқа заңдық көмек!», «Тегін заң көмегін көрсету бойынша ашық есік күні» атты кең ауқымды республикалық акциялар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 15 Тамыз, 2025

Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент • 15 Тамыз, 2025

Мұғалім жаңа технологияларды да қолдана білуі керек - Президент

Тамыз конференциясындағы сөйлеген сөзінде Президент мұғалімнің өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 15 Тамыз, 2025

Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс – Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тамыз конференциясының пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 15 Тамыз, 2025

Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті

Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғылым • 14 Тамыз, 2025

Еліміздегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды

Петропавл қаласында ұлт ақыны, ойшыл, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың есімін иеленген еліміздегі алғашқы ғылыми-мәдени хаб – «Мағжан орталығы» ашылды. Жаңа орталық тек тарихи мұраны жаңғырту орны ғана емес, ғылыми зерттеулер, мәдени-ағартушылық бағдарламалар, халықаралық диалогтар мен шығармашылық жобалар жүзеге асатын заманауи зияткерлік кеңістік болмақ. Оның ашылуы Солтүстік Қазақстан облысындағы мәдени және рухани серпілістің айқын белгісіне айналып, 11–17 тамыз аралығында өңірде өткен халықаралық іс-шаралар легінің маңызды бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.