
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануының дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 33 жыл толды. Рәміздердің мемлекеттік және этникалық бірегейлікті білдіретін түрлі мән-мазмұны бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Қостанай облысында ауыр қылмыс азайған
Аталған облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі 2,7%-ға артқан. Алайда, полиция департаментін әрбір төртінші қылмыстың мас күйінде жасалғаны алаңдатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Маусым, 2025
Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр
Аталған облыс аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шаралары 14 мамырдан басталып, науқан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2025
Отандық өнімнің үлесі артып келеді
Отандық өнімнің үлесінің артуы – металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалып отыр. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 02 Маусым, 2025
Азия бәсекесіне баратын гимнастар анықталды
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2025
Түркістан облысында «Қарасора-2025» басталды
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өңірдің полиция департаментінде «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасының ресми ашылуы өтіп, оған ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, департаменттің жедел құрылым қызметкерлері және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кеңестің мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Маусым, 2025
Қарасу өзенінің жағасы тазартылды
31 мамырда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың табиғат ресурстары басқармаларымен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағына тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Нарықты тұрақтандыру: көкөністер арзандады, инфляция бақылауда
Биыл мамыр айында тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (сәуірде-1,2%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Үш ел «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдаланады
Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары биылғы маусым айынан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.