
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2025
Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды
Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған әріптестері Лаура Төлекованы салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025
Қызылордада полиция үйінде қарасора өсірген тұрғынды ұстады
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратура үйлестіруімен Қызылорда облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өз үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Қызылордада мектептің бас есепшісі 7 жылға сотталды
Қызылордадағы мектептердің бірінде жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударған бас есепші 7 жыл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Жедел басқару орталықтары іске қосылды
Қызылорда облысының барлық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары іске қосылды. Кез келген қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен елімізде алғаш рет цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолданатын Сыр өңірінде жүзеге асып отыр.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Дінмұхаммедтің батылдығы кейінгі жастарға үлгі - Нұрлыбек Нәлібаев
Оныншы қаңтар күні «Қызылорда-Астана» бағытындағы ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалған Астана медицина университетінің 7- курс студенті, қызылордалық Дінмұхаммед Бектұрғанды осы оқиғадан кейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің «Құрмет грамотасымен» марапаттаған болатын. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев оның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Қызылорда қаласында 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған білім ошағының ашылуында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр
Бағдарлама аясында Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде аудан студенттері үшін «Туған жерімізді таза ұстайық!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Бауыржан Сейдулла мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін айтады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
Астана қаласының тұрғыны мен оның қызылордалық сыбайласы 2023-2024 жылдар аралығында алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген.
Қылмыс • 10 Қаңтар, 2025
Жалған сенімхат арқылы ақша жымқырған азамат сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылы таратылған «Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансері» МКК-ның есеп-шотындағы 8 200 000 теңге қаржыны алдау жолымен жымқырған Б.Расилов есімді азаматты анықтады.