
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Жаңарған Жаңақорған жастары» атты қоғамдық қор бар. Осы ұйым жастары жыл сайын бірлесіп баспана салып, оның кілтін мұқтаждарға табыстауды дәстүрге айналдырған.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2021
Сыр өңірінде ілгері басқан салалардың бірі – тұрғын үй құрылысы. Жыл сайын облыс орталығымен қатар аудандарда да ұзақ жыл пәтер кезегін күткендер баспаналы болып жатыр. Биыл аймақта барлық қаржыландыру көздері есебінен 644,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Мамандар бұл ретте «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының себі көп тиіп отырғанын айтады.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Қызылордада ҚАЖ қызметкері ұрыны ұзатпай ұстады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы, әділет майоры Серік Мақсұтов пәтер ұрлығын жасаған азаматты ұстап, қылмыстың ізін суытпай ашты. Қылмыс Қызылорда қаласы С.Жүнісов көшесіндегі жер үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
Суды үнемдеу ел үмітін ақтай ма?
Соңғы жылдары Сырдария өзенінің арнасы күрт түсіп, дария жағалауындағылардың алаңы көбейіп отырғаны белгілі. Тіпті су мол жылдары әр көктем жұртты әбігерге салып қоятын Сырдың долы мінезін де сағына бастағандаймыз.
Футбол • 12 Мамыр, 2021
«Қайсардың» бас бапкері ауыспайтын болды
Ел біріншілігін сәтсіз бастаған «Қайсар» футбол клубы 10 турда 6 ұпай ғана еншілеп, 13-ші орында тұр. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде команда басшылығының қызметінен кететіндігі жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
Қызылордада «Ashyq» жобасы бойынша 66 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасауда
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2021
Құқығы жоқ болса да көлік басқарған
Қызылордалық полицейлер көлік жүргізу құқығы жоқ болса да көлік тізгіндеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2021
Қызылордалық полицейлер 2,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі
Мамырдың 10-ы күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, облыс орталығының тұрғыны жарты келіге жуық есірткі затын сатқандығын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
Қызылорда облысында сексеуіл орманы алқабы жыл сайын ұлғайып келеді. Тұқымы күзде себілетін дала өсімдігін егу желтоқсанның ортасына дейін тоқтамайды. Шөл даланың шырайын кіргізіп тұрған сексеуіліңіздің бұдан басқа да ерекшелігі көп.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2021
Субсидияға сенгендер сергелдеңге түсіп жүр
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау артып, осы саланы кәсіп көзіне айналдырғандар көбейген еді. Мамандардың есебінше, осындай қолдаумен қатар өндірісті әртараптандыру бағытындағы басқа да бастамалар нәтижесінде Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарының саны артып келеді. Әрине, көңіл қуантатын-ақ көрсеткіш. Бірақ несие алып, кәсіп бастаймын дегендердің арасынан кедергіге тап болғандар да жоқ емес.