
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Жалған ақпарат таратқан Байқоңыр тұрғыны жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2021
Ауылға ажар берген әлеуметтік жобалар
Сыр бойында мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында атқарылған бастама көп. Билік пен бизнес байланысының жаңа форматының шарапатын әсіресе шалғай ауылдағылар көріп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыста аталған серіктестік аясында бой көтерген бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Қазалыда Жалаңтөс баһадүр ескерткіші бой көтерді
Қызылорда облысының Қазалы ауданында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Биыл туғанына 445 жыл толып отырған Тұран жолбарысының рухына құрмет көрсетілген шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, даңқты қолбасшыға арналған ескерткіштің ашылуымен тұрғындарды құттықтады.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Қызылордада Сыр сүлейлерінің жолын жалғаған жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Жүрегі жауһар жампозым» атты этно-қойылым концерт өтті. Өлмес өнердің отын жаққан жырау рухына құрмет танытқан кеш Қармақшы ауданы әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Қызылорда шынысына сырттан сұраныс бар
Ұлық мерекеге арналған басты шаралар аясында Қызылордада шыны зауыты ашылды. Ашығын айтсақ, осы өндіріс орны биыл іске қосылып, игілікке жарайды дегенге илана қойғандар аз болды. Олай болатын да жөні бар, бұл сонау 2008 жылы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында біріккен кәсіпорындар туралы жасалған келісімге енген жобалардың бірі еді.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021
Мереке қарсаңында баспаналы болды
Қызылордада баспана кезегінде тұрғандарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шаһардың сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілті берілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Ғанибек Қазантаев қатысқан шарада пәтерлі болғандардың дені көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
«Сыр журналистикасының тарихы» жарық көрді
Қызылордадағы Достық үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдық жинағының тұсауы кесіліп, оған Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Ғалымжан Елшібай, «Түркістан медиа холдингі» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев қатысты.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2021
Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевқа облыс орталығында «Қаламгерлер аллеясын» ашу жайлы ұсыныс айтылған еді. БАҚ өкілдерімен еркін форматта өткен емен-жарқын жүздесуде қала басшысы қаламдастар ұсынысын қолдаған. Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында облыс орталығындағы Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжібаев, Зейнолла Шүкіровтердің ескерткіші орналасқан аумақтан аллея ашылып, қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Экономика • 29 Қараша, 2021
Сыр бойында бизнесті дамытуға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың барлық мүмкіндігі пайдаланылды. Биыл 1 975 жоба «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық қоры арқылы 23,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Былтырмен салыстырғанда осы жылы несие портфелі 6 есе ұлғайыпты.
Аймақтар • 29 Қараша, 2021
Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.