Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1721 материал табылды

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысының назарындағы мектеп пайдалануға берілді

Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan» газеті Арал ауданындағы Сексеуіл стансасында жүздеген баланың темір жол рельстерін кесіп өтіп мектепке қатынап жүргеніне ел назарын аударған еді.

Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Үздік білім ұйымы 34 млн теңге иеленді

Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төраға­лығымен «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Аймақ педагогтерінің басқосуына Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, Парла­мент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, «Talap» КеАҚ вице-президенті Санжар Тәтібеков қатысты. Кеңеске Қызыл­орда қаласы және аудан әкімдері, аймақтағы білім беру ұйым­дарынан 400-ге жуық өкіл ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Коронавирус • 19 Тамыз, 2021

Бақылау бір сәтке де бәсеңдемейді

Вирустың таралу деңгейі бойынша Қызылорда облысы әлі «қызыл аймақта» тұр. Шілде айында індет жұқтырғандар саны 3 387-ге жеткен. Ал тамыз айының алғашқы онкүндігінде дертке шалдыққандар қатары 2 мыңнан асып барады. Осы жағдайды ескере отырып, өңірде инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге дейін ұлғайтылды.

Спорт • 16 Тамыз, 2021

Олимпиада жүлдегеріне көлік мінгізді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Токио Олимпиадасына қатысқан қызылордалық спортшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Дәулет Ниязбеков және Мөлдір Жаңбырбаймен кездесті.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2021

Корей батырының сүйегі тарихи отанына қайтарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Сыр еліне  келген корей ресми делегациясын облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ күтіп алды. Шетелдік делегация құрамында Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Хван Ги Чхоль, Корея Республикасының Қазақстан Респуб­ликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок, «Генерал Хон Бом До мемориалы» қорының төрағасы У Вон Шик бар.

Экология • 12 Тамыз, 2021

Кіші Аралдың келешегі қалай болмақ?

2000-жылдары «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының бірінші кезеңі аясында 13 шақырымдық Көкарал бөгеті салынып, кіші теңіздегі су деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеді. Теңізді қақ бөлген бөгеттің арқасында осы аймақтағы атакәсіп – балық шаруашылығы жандана бастады. БҰҰ-ның 2008 жылғы экологиялық қызмет туралы шолуында бөгет салынғаннан кейін қалыпқа келе бастаған өңір микроклиматы аймақ тұрғындары арасындағы аурушаңдық деңгейін біраз төмендеткені жазылды.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Тойда тілек айтатын кез емес

Былтырдан бері Қызылорда облысында індет жұқтырған 12 580 адам тіркеліп, оның 77 пайызы айығып шықты. Пневмониямен ауырған 1 867 науқастың 1 580-і емделді.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Сыр бойындағы Садық ахун мұрасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақмешіт филиалы мен Qyzylorda телеарнасы бірлесіп қолға алған «Құнды жәдігер» жобасы аясында атақты діни қайраткер Садық Қодарұлы жайлы құнды мәліметтер мен ел арасында емшілігімен де танымал болған ахун пайдаланған заттар жинақталды.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Қазалыда вирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр

Қызылорда облысы Қазалыда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты кезекті штаб отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған алаяқтар сотталды

Қоғамда табыс табамын деп алаяқтарға алданып, қолдағы барын қаржы пирамидасына құйғандар көбейіп барады. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары «Befree» атты қаржы пирамидасына жем болғандары жөнінде арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.