
Аймақтар • 31 Мамыр, 2023
Жуырда әлеуметтік желіде Қызылордадағы қоқыс полигонында шіріген көкөністің үйіліп жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Артынша-ақ тонналаған өнімнің «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қоймасынан шыққаны белгілі болды. Жұрт бюджеттен бөлінген қаржыға арзан өнімдер сатып алып, бағаны тұрақтандыруға үлес қосуға тиісті құрылым өкілдерінің қоқыстағы көкөністі жедел көміп жатқанын да көрді.
Инфрақұрылым • 30 Мамыр, 2023
Биыл Қызылорда қаласында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 54 млрд теңге бөлініп, бірқатар жоба басталды. Қазір шаһарда Неке сарайы, Өнер орталығы, Қан орталығы секілді ірі нысандар салынып жатыр. «Қазгермұнай» БК» ЖШС заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының жобасын қолға алды. Облыс орталығында сәулетті, еңселі нысандар салуға жеке инвесторлар да қомақты үлес қосып отыр.
Өндіріс • 30 Мамыр, 2023
Қызылордадағы өңірлік коммуникация қызметінде аймақ үшін маңызды нысандарға көшпелі брифинг ұйымдастыратын бір жақсы дәстүр бар. Өткенде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері осындай брифинг аясында құрылысы жаңа басталып жатқан «Қызылорда – Жезқазған» күре жолындағы жұмыс барысын көріп қайтқан. Ал жуықта осындай сапармен қала іргесіндегі шыны зауытына бардық.
Қоғам • 23 Мамыр, 2023
Қызылордадағы облыстық кәсіпкерлер палатасына жалпы көлемі 82,8 млн теңге айыппұл арқалаған 7 кәсіпкер араша сұрай келіпті. Жалпы мұндайлардың қатары 80-нен асып жығылатын көрінеді. Бірақ көпшілігіне салынған айыппұл көлемі әзірге белгісіз болып отыр.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2023
Аралдағы «Қызғалдақ фестивалі»
Аралда осындай фестиваль өтті дегенде екінің бірі «оу, құм суырған өлкеде қайдағы қызғалдақ?» деуі әбден мүмкін. Әйтсе де шөл далада да көрген жанның көзін қызықтырар небір өсімдік бар ғой. Соның бірі – осы аймақта жиі кездесетін Борщов қызғалдағы.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай Сыр өңірінде түрлі бағыттағы 25 іс-шара өткізілді. Дәл осы күні «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының I кезеңіне құжат қабылдау басталды. Жалпы, осы байқау ұйымдастырыла бастағаннан бері оған өңірден 1900-ге жуық үйелмен, яғни отбасы қатысыпты.
Құрылыс • 16 Мамыр, 2023
Қызылорда қаласы мен 7 аудан орталығы күре жол мен теміржолды жағалай қоныс тепкен Сыр өңірінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі іске қосылғалы бері алыс-беріс, барыс-келіс артып, тіршілік жандана түсті. Одан бөлек, жылдан-жылға облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу аясы ұлғайып, қазір көп елді мекенге қиналмай жетуге мүмкіндік туды.
Өндіріс • 15 Мамыр, 2023
Әу бастан күрішке, кейіннен мұнайға иек артып келген Қызылорда үшін өнім шығаратын кәсіпорынның орны ерекше. Осыдан болар, 2014 жылы Жалағаш ауданында мия тамырын өңдейтін зауыттың іске қосылғанына жұрт ерекше қуанды.
Аймақтар • 10 Мамыр, 2023
Осыдан 2 жыл бұрын ғана Сыр бойында Екінші дүниежүзілік соғыс соқпағын басқан 11 ардагер бар еді. Кеудесіндегі орден-медальдары жарқырап, қатар басып бара жататын сол қаһармандардың қатары бүгінде сиреп қалды. Кешегі мерекеде облыс орталығында, Қазалы, Сырдария және Шиелі аудандарында тұратын 6 майдангерге 1 млн 500 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Осы алты майдангердің арасында екі қарт биыл жүз жастың жүзін көріп отыр.
Экология • 04 Мамыр, 2023
Экологиялық заң: Бүгінгі көзқарас
Өткен ғасырдың 70-жылдары басталған Арал проблемасының шиеленіскен тұсы кеңес одағы тараған кезеңге дөп келді. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен кездің өзінде теңіз аймағының экологиялық қиындығынан қорғайтын заң қабылданып еді. 1992 жылы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң он жылдай тәп-тәуір жұмыс істеді.