
Халық • 12 Сәуір, 2024
Су басқан өңірдегі ағайынға тілектестік танытып, жан-жақтан жәрдем қолын созып жатқандар аз емес. Бұл ретте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді тапсырды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Өзге өңірлерді тасқын су қаупі әбігерге салып жатса, Сырда биыл да дария арнасы бұрынғы деңгейіне жетпей тұр. Десе де ерте көктемнен-ақ егіс даласына шыққан шаруалар жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары мен қант құмайын 16,5 мың гектарға егіп қойды. Мамырға дейін егістен босамайтын қауымның ендігі уайымы – су тапшылығы.
Экономика • 10 Сәуір, 2024
Географиялық нұсқама – кәсіпкер құқын қорғаушы
Өткенде ғана кәмпит өндірісімен айналысатын қазалылық кәсіпкер өнімінің атын жамылып, танымал тәттіні саудалайтындар бар екенін айтқан еді. Тіпті осы тауар белгісі арқылы көрші қырғыз елінде де өнімін өткізіп отырғандар кездесіп қалады екен. Ал зияткерлік меншік мәселесімен айналысып жүрген мамандар мұндай келеңсіздіктің жолын кесуге болатынын айтады.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Сексеуілді алқаптың ауқымы кеңейеді
Жылдар бойғы жұмыстар нәтижесінде Арал табанынан құм мен тұз суырылған кешегі кездер де ұмыт болуға айналды. Бүгінде кепкен теңіз ұлтанында миллиондаған сексеуіл көшеті бой көтеріп келеді. Осынау тындырымды тірлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға ресми сапары барысында сөз болып, көрші елмен бірге өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірлескен іс-шараларды қолға алу, оның ішінде Арал теңізінің түбіне ағаш отырғызу қажеттігі ерекше аталды.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Сыр өңірінде жарияланған «Руханият жылы» аясында облыстық филармония жанынан «Жыраулар үйі» ашылды. Бағзы өнердің байрағын биіктеткен өңірдегі шараға бабадан қалған жәдігер жырды құрмет тұтатын қауым қатысты.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Биыл қаңтардың ішіндегі аяз болмаса жалпы қыс Сыр бойында жылы болды. Осыдан да облыс эпидемиологтері ерте оянған түрлі жәндіктердің, әсіресе кенеден келер қауіптің алдын алуға қам жасап, жоспарлы жұмысқа кірісті. Жалпы өңір Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Бұл күндері республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автожолының облыс аумағындағы бөлігінде жаңғырту жұмыстары қайта жанданды. Елдің оңтүстігін орталықпен байланыстыратын күре жолдың 83 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Облыс ауқымындағы ұзындығы 216 шақырым болатын автожол құрылысы 6 учаскеге бөлініп, мердігер мекемелер жоспарға сай жұмыс жүргізіп жатыр.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Су басқан өңірлерге көмекке аттанды
Қапыда қарғын судың астында қалған ағайынның жағдайына қызылордалықтар да алаңдаулы. Апат хабары естілгеннен-ақ Қызылорда облысы ТЖД күш-құралдары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде Қостанай облысына жіберілді.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қызылордада мазутты заңсыз сатқандар сотталды
Қызылордалық екі кәсіпкер аса ірі мөлшердегі мазутты мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз иеленіп, сақтап, өткізіп отырған, деп жазады Egemen.kz.
Тәрбие • 28 Наурыз, 2024
Талай сүлейлер дүниеге келген Сыр топырағында «Қуаңның табанынан жүз жырау шыққан» деген көне сөз бар. Әйтеуір, дүниенің тылсымын қобыз сарынынан іздеген баба Қорқыт, ұлы даланы әуенмен тербеген ұзандар, олардың жолын жалғаған сүлейлер өткен өңірде бүгін де жырдың қоңыраулы көшіне ілескендердің қатары қалың. Осылайша кешегі сарын бүгінге өрнегі бүлінбей жетіп отыр.