Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1698 материал табылды

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

Былтыр тамыз айының соңында белгісіз біреулер Қызылорда қаласындағы бір кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түсіп, зергерлік бұйымдары мен 300 млн теңгеге жуық ақшаны алып кеткен еді. Үй иесі осы қарақшылар салған ауыр дене жарақатынан көз жұмған болатын.

Медицина • 21 Қаңтар, 2020

Бала ауырса, бәріміз жауаптымыз

Қазір медицина дамыды. Уақыт өткізбей, дәрігерге дер кезінде қаралсаң, көп аурудан құлантаза айығып кетуге мүмкіндік көп. Бірақ науқасты емдеу, аурудың алдын алу ісі алға басқан сайын түрлі сырқат бой көтеруде. Мысалы, бұрын-соңды жаңа туған сәбилер арасында қант диабеті болады дегенді естіп пе едіңіз?! Қазір мұндай диагнозбен дүние есігін ашып жатқандар бар. Түрлі сырқатпен туған сәбилердің саулығын күзетіп, ауруды өршітіп алмау жолында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің байламы – барлық дертті болдырмау өз қолымызда.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Қызылорда: Еріктілер жылындағы жобалар талқыланды

Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлер қозғалысы орталығының бірыңғай ашық есік күні өтті.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2020

Қызылордада ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің 3 қызметкері ұсталды

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторлары мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдерінің бірлескен рейді барысында Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан «Тышқантам» учаскесінде  «Ланд Крузер ЛХ76» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексере келгенде көліктің «Охотзоопром» РМҚК мекемесіне тиесілі екендігі анықталды, ондағы 3 адам да сол мекеме қызметкерлері болып шықты. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.          

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Қызылорда: 178 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік апаттарының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау мақсатында «Автобус» іс-шарасы өтті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020

Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушыны ұстады

15 қаңтар күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шара барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының Қармақшы ауданы тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатты.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Қызылорда: Ауылда өндіріс орындары ашылды

Қызылорла облысының Арал ауданы балық шаруашылығын өрістеткен өңір. Осы кәсіптің арқасында теңіз төскейіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, аудан экономикасының көкжиегі күн сайын кеңейе түсуде.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2020

Қызылорда - инвесторлар үшін қолайлы аймақ

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Renovatio Group компаниясының тең құрылтайшысы әрі серіктесі Джеймс Колтер Иеди, EDPR компаниясының өкілі Дуарте Нуно Менедес да Коста және BDC Consulting KZ компаниясының директоры Ахад Махмудовпен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Қызылордада «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

Қызылорда қаласындағы «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа ғимаратқа көшті. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020

Жастар жобасы жалғаса береді

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ерікті жастардан құрылған топ бар. Жұртқа жақсылық жасауды көздеген еріктілердің басын қосқан «Жаңарған Жаңақорған жастары» атты осы ұйымға Еркінбек Айнақожаев атты азамат жетекшілік етеді.