
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қызылорда облысында 180 отбасы баспаналы болды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кезекте тұрған 180 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасылар бар. Сырдария өзенінің сол жағалауынан орын тепкен 4 жаңа тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қызылордада: Кәсіпкерлерге 6,5 млрд теңге шамасында жеңілдік берілген
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Facebook әлеуметтік желісінің «Бизнес в Кызылорде и Кызылординской области» тобындағы тікелей эфирде кәсіпкерлер сауалына жауап берген облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов айтты. Тікелей эфирге Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов та қатысты.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Жұмыс сапасын бақылау күшейеді
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі «Мәңгілік Ел» мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендеріндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігермен кездесуде жұмыстың кемшін тұстары айтылып, оларды тез арада жою тапсырылды.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Қызылордада 1881 түлек мектеп бітірді
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» иегерлерін және барша түлектерді «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн құттықтады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
«Атамекендік» балалар университетте тегін оқиды
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Nur Otan партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Бейбіткүл Каримова балаларды қорғаудың халықаралық күніне күніне орай «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Есірткі өсірген қызылордалықтар ұсталды
Осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында Қызылорда облысы аумағында өтетін «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегін анықтады.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Қазалы ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 3 млрд 11 млн 89 мың теңге болатын 42 жоба іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде жүздеген тұрғынға жұмыс табылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Қызылорда облысында 47 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі негізінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3-4 маусым күндері аймақтың оңтүстігінде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілетіндігін хабарлады.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Балалар арасында байқау ұйымдастырылды
Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыстық ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Ана сезімі» қоғамдық ұйымы мүшелерімен бірлесе отырып «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Қызылорда: Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт ашылады
Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы шеңберінде 2025 жылға дейін өңірде жалпы құны 551, 2 млрд теңге болатын 23 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Осы арқылы 6 400 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл 44,2 млрд теңге болатын үш жобаның құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.