Ғылым • 21 Қазан, 2020
Күріш қалдығын кәдеге жаратады
Ауыл шаруашылығы облыс экономикасындағы негізгі сала екені белгілі. Өңірдегі кәсіпорындардың көпшілігі егін шаруашылығы, оның ішінде күріш өндірісі айналасында құрылып отыр. Бірақ осы уақытқа дейін күріштің қауызы мен сабаны еш кәдеге аспай келгені тағы рас. Диқандар күзде егіс даласында қалған қалдыққа өрт қойып, одан шыққан қою түтін онсыз да экологиялық ахуалы оңып тұрмаған өңір ауасын ластап жатады. Жергілікті ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі Нұрбол Аппазов ұзақ жылғы ізденістен кейін осы мәселенің шешімін тауыпты.
Аймақтар • 20 Қазан, 2020
Қармақшы ауданында Құтқарушылар күніне орай шара өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев сала қызметкерлерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарының бірқатар өкілдеріне марапат табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қызылордада екі күнде 53 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы басшылығының бастамасымен қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында 15-31 қазан аралығында "Қауіпсіз қала" іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қазанның 16-17-сі күндері карантиндік талаптарды сақтамаған 25 заң бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2020
Қызылордада карантинге қарамастан той өткізудің 370 дерегі анықталды
Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзған азаматтар саны азаяр емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Орман саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтағы бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады. Аймақ басшысы облыстың экологиялық жағдайын жақсартуда орман шаруашылығының қызметі ерекше екендігін атап өтті.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Қызылордада соңғы кездері алаяқтық оқиғалары тым жиілеп барады. Оны жасаушылар да, әккілердің құрығына алдымен түсетіндер де көбіне әйел адамдар болып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова құтқарушылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай және 19 қазан – Құтқарушылардың күнімерекесі қарсаңында аймақтағы құтқарушылар мен сала ардагерлерін құттықтады. Өңір басшысы алдымен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келіп, заманауи құтқару жабдықтары мен техникалардың жағдайымен танысты. Одан соң салтанатты шараға қатысып, халықтың тыныс-тіршілігі мен аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде құтқарушы мамандардың маңызы ерекше екендігін атап өтті.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Ақ орамалды аналар акциясы өтті
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде "Бойтұмар-Ханым" қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі" акциясы болып өтті. Акцияға "Бастаңғы" әжелер ансамблі, этномәдени бірлестіктің мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақтар • 16 Қазан, 2020
Полицейлерге еріктілер көмектеседі
Осы жылдың 9 айында Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 41 тұрғыннан азаматтардың хабар-ошарсыз кету деректері бойынша арыз келіп түскен. Олардың ішінде, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында 36 азамат анықталып, отбасыларына оралды.