Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
824 материал табылды

Коронавирус • 31 Қаңтар, 2022

Індетті жеңудің жолы – ревакциналау

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып қалалық №2 емханада қауіпті індетке қарсы екпенің үшінші компонентін салдырды.

Өнер • 27 Қаңтар, 2022

«Шаңырақ» аясындағы «Шалқыма»

Павлодар облыстық «Ша­ңырақ» халық шығар­машылығы орталығының жанынан «Шалқыма» атты дәстүрлі ән-жыр үйір­месі ашылды. Мұнда қа­ты­су­шылар домбырамен қа­тар қыл қобызды да үй­рене ала­ды.

Өнер • 26 Қаңтар, 2022

Домбырашылар топ жарды

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық байқауында «Аспаптық музыка» номинациясын жеңіп алды.

Әдебиет • 24 Қаңтар, 2022

Арыстан, мысық һәм Хемингуэй

Тағы да Хэм ағай... Ол туралы мың-сан сөз өткен ғасырдан бері айтылып келеді, әлі талай жыл жазылар. Ол көзінің тірісінде жазушы бақытын сезінді, жасаған үлкен еңбегінің жемісін көрді. Яғни жақсы өмір сүрді дейміз. Алайда, осыдан шамамен алпыс жыл бұрын Кетчум қалашығында (Айдахо штаты) өз үйінде америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй таңсәріде өмірден өтті. Мезгілсіз қазаның себебін қаруды абайсыз қолдану нәтижесінен десті. Бірақ Хемингуэйдің Африкада талай арыстанды атып өлтірген кәнігі аңшы екені мәлім болғандықтан, бұған ешкім сенбеді. 1966 жылы жазушының әйелі Мэри оның өмірден өз еркімен кеткенін мәлімдеді. Хэм ағай мына өмірге неге сыймады?  

Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022

471 мың долларға сатылды

1997 жылы қатты мұқабамен алтынмен бедерленіп, арнайы қаптамаға салынып шыға­рыл­ған әлемдік балалар әде­бие­тінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабы Даллас қаласында өт­кен Heritage Auctions аукцио­нында сатылды.

Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022

Дилетанттан дәуірге дейін

Әдебиетте жақсы шығарма жазған әр қаламгердің өмір жолы әртүрлі. Ол тағдырлар барша әлемге жазушылыққа тек қы­зығушылықпен келмейтінін дә­лелдеді. Шынында, оқырман жата-жастана оқыған, кейіпкерлерін талқылап, іс-әрекеттерін сына­ған кітаптар қалай жазылды? Шы­ғармадағы ширығу, ішкі сезіну, образдың мінезін ашуда ав­тор қандай күй кешті? Оның кейіп­керлерінің жаны қаншалықты өзінікімен ұқсас? Оқырман автор шығармаларын оқып тауысқан соң, оның жеке өміріне, биографиясына қызығады. Бұл – заңдылық. Ал жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, әдебиетте жұлдызы жанған кей жазушылардың өмірі осы күнге дейін талқыланып жатады. Тұлғалық өмірдің әлі де бір құ­пиялары шығып келеді. Плане­тадағы миллиардтаған адамның бірінің (һәм бірегейі) ғұмыры ға­сырдан да ұзақ жылдар бойы қоғамға қызықты болуын қандай құбылысқа балауға болады?..

Өнер • 19 Қаңтар, 2022

Миллиардтан асқан тыңдарман

Қазақстандық диджей Imanbek – ТМД бойынша трегі 1 млрд-тан аса тыңдалған тұңғыш музыкант. Ол бұл межеге өткен жылдың қазан айында жеткен. Оның Roses-Imanbek Remix атты әуенін тыңдағандар саны бүгінде әлем бойынша 1,5 миллиардтан асып кетті. Соған орай Imanbek Spotify сервисінің арнайы сыйлығына ие болды.

Өнер • 13 Қаңтар, 2022

Ұлттық анимация қолдауға зәру

Әлемдік киноиндустрияда анимациялық фильмдердің алатын орны ерекше, сон­дықтан да олар осы салаға жүздеген миллион доллар жұмсайды. Бұл шығын қысқа мерзімде әлденеше есе артығымен таза табыс болып құйылады.  

Кино • 13 Қаңтар, 2022

«Алтын қор» кинолары жойылған жоқ

Еліміздегі бүгінгі ахуал кезінде отандық мәдениет пен тарих мұраларының тағдырына немқұрайды қарамайтындардың барлығын республикалық телеарналардың бірінде «Елдің алтын қоры» жойылды деген хабар толғандырды.

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2022

Биыл – Балалар әдебиеті жылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Ба­лалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жал­ғасын тауып отыр.