Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
824 материал табылды

Әлем • 07 Қыркүйек, 2023

Үндістан атауы өзгереді

Үндістан билігі мемлекет атауын «Бхарат» деп өзгертуді жоспарлап отыр. Үнді үкіметі елдің тарихи атауын қайтармақ ниетте.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

Бар игілік – балаларға

Дәстүрлі Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті. Жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізіп келеді.

Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2023

Міне, бұл – Ақын

Алматыдағы букинистердің бірінде Тоқаш Бердияровтың «Жазушы» баспасынан 1974 жылы шыққан «Күндер, күндер, күндерім» атты таңдамалы өлеңдер жинағын көріп қалдық. Парақтары сарғайса да кітап кешегі 80-жылдардың эстетикасын береді. Ол кезде жарық көрген кітаптардың сапасы да, безендірілуі де талапқа сай жасалады. Мұқабасында бейнеленген детальдар да суретші қылқаламының ізіндей жылы ұшырайды.

Өнер • 31 Тамыз, 2023

Мерекеге арналған концерт

Конституция күніне орай елорданың Конгресс-орталығында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік концерт өтті.

Қоғам • 31 Тамыз, 2023

Мәдени байланыс жалғасады

Елімізде өткен Тәжікстан мәдениетінің күндері қос ел жазушыларының басқосуымен қорытындыланды. Ұлттық кітапханада екі елдің Жазушылар одағының өкілдері дөңгелек үстел басына жиналып, келелі мәселелерді ортаға салды.

Фотогалерея • 23 Тамыз, 2023

Ойдың түсі

Мына картинаның атауына қарап, «Ойдың түсі бола ма?» дерсіз. Кез келген өнер туындысы автордың идеясына, яки фило­софиялық тұжырымына құрылады. Белгілі суретші Руслан Ақанаев кезекті шығармасын «Ой түстері» деп атауы да тегін емес.

Мектеп • 23 Тамыз, 2023

Оқушыларды тегін тамақтандырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа оқу жылының басынан барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыс­тық тамақпен қамтамасыз еті­леді. Оның ішінде мәдениет сала­сындағы мектептер де бар.

Кино • 21 Тамыз, 2023

Жылына 15 фильм қазақша дубляждалады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-ми­нистрлердің, комитет төрағаларының және бағынышты мекеме басшыларының қатысуымен аппарат кеңесін өткіз­ді. Алқалы жиында көрерменнің сұранысына ие касса­лық фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждау мәселесі тал­қыланды.

Елорда • 17 Тамыз, 2023

«Азия жаңғырығы» – Астанада

Өткен аптада ел астанасында XIV Халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі өтті. Елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған өнер мерекесі астаналық цирктің дәстүрлі жобасы ретінде танымал.

Қоғам • 15 Тамыз, 2023

Алпамыстың ауылы

Жаз соңына таяғанда бәрімізге ұнай­тын «Алпамыс мектепке барады» фильмін кезекті рет көргің келеді де тұ­рады. Әр көрген сайын бұрынғы әсе­рің­ді суытып, кинодағы жып-жылы сезімдермен қайта қауышуға асығасың. Бала кезден қалыптасқан дәстүр болған соң, санаң да дәл осы күндерде алты жасар Алпамысты іздейді. Неге олай, беймәлім. Бәлкім, тамыздағы тамылжыған көңіл күй солай болар. Бәлкім, түу жырақта қалған алақандай ауылымызды аң­сай­мыз. Алпамыс сияқты мектепке бармай­тын болған соң, жырақта қалған сол бір аяулы шақты сағынамыз ба әлде? Әйтеуір түгесілмейтін сағыныш.