Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
228 материал табылды

Мирас • 12 Қыркүйек, 2024

Мәртөбе мәртебесі

Жуықта ғана Әбіш Кекілбайұлының немересі Абыл жазушы мұрағатынан бір бейнежазба жіберіпті. Сары далада жаяу жүрген бір топ зиялы. Ортада – маңдайы жарқырап, қолын сермеген сайын әр тастың тарихын жатқа соғып тұрған абыз Әбіш. Табанының астындағы төбенің киесін сезініп, ата-бабаның рухы қонғандай толғатады келіп. Сонау қатпар-қатпар дүниенің дүбірінде қалған ғасырлардан тебірене сыр шертеді. Не деген толассыз білім десеңізші. Дәл бір қазған сайын бұрқ-сарқ етіп бұлқына атқылайтын бұлақ сынды. Қарымды қаламгер, көрнекті тұлғаның қандай бейнесі болса да оқырманға ыстық емес пе? Сонау ескі жылдардың елесінде түсірілген бейнежазбаны тарихтың моншақ-көзіндей, кешегі күннен қалған бір белгідей қабылдап, өткен уақытқа сапар шектік.

Әдебиет • 09 Қыркүйек, 2024

Жазылмайтын жақсы дерт

Жазушылық – өнер дейміз. Әри­не, за­манына қарай кәсіпке ай­нал­дыр­ғандар да бар. Сондық­тан жазуды әркім әртүрлі қабыл­дайды. Иә, жазамын деп еш­кім жазушы бо­лып кетпейді. Жаз­баймын деп тағы ешкім жазбай кетпейді. Бұл өзі өнер, кәсіп дегеннен бөлек бір ауру сынды.

Мәдениет • 29 Тамыз, 2024

Ыстықкөл сапары немесе Әуезов көшесі, №3

Шолпан ата қаласына (Қырғызстан) іссапармен баратынымызды естіген мезетте-ақ, ең алдымен, Әуезовтің үйіне соғуды ойладық. Сол сәттен бастап Ыстықкөл жағасындағы қазақ-қырғыз руханиятының киелі шаңырағына айналған жазушының үйі ойға орала берді. Мұқаңның Алматыдағы мұражай-үйінде талай болсақ та, қырғыз шәріндегі саяжайына аңсардың ерекше ауғаны рас. Заңғар жазушының қырғыз бәйкелерге деген көңілінің тым бөлек болғанын да ел біледі. Әуезов үйінің ауласында Шыңғыс күтіп отырғандай, ұлы Манастың рухы шақырып тұрғандай біртүрлі асықтық...

Пікір • 21 Тамыз, 2024

Мен де қызықпын...

Өткенде жаңа бір фильмнің тұсау­кесеріне бардық. Авторы – жас режис­сер. Киноны көрдік, кей сәттеріне тебі­рендік, «әттеген-айларын» да түртіп отырдық. Дегенмен салыс­тырмалы түрде айтар ойы бар, актерлердің шеберлігі де жаман емес. Әйтеуір жеңіл-желпі комедиядан ада, эмоциялық тол­қынысы бар ауыр тақырыпты көрсе­туге талпынған. Тәуір-ақ дестік.

Руханият • 21 Мамыр, 2024

Кітапсыз қоғам: себеп пен дәйек, ой мен орам

Бүгінгі қарыштап дамыған, жаһан­данған қоғамның бір ұрты май болса, бір ұрты қан екені де рас. Иә, кешегі кезеңмен салыстырғанда өміріміз жақсарды, тұрмысымыз жеңілдеді, Айға да ұшуға мүмкіндік бар. Есесіне, рухани құлдырауға ұшырадық. Бұрынғыдай кітап іздеген, түнді таңға ұрып майшаммен кітап кемірген, бас қос­қан дос-құрбылар оқыған шы­ғармасын айтып шуласқан қоғам қазір өзгерген. Бұл кітап оқы­мау ғадеті қазақ қауымында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүм­кіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызықпауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «сананы тұрмыс билеуінде» дейміз. Осы ойымыз рас па өзі?

Мирас • 19 Сәуір, 2024

Кекілбайұлының киіз үйі

Еске салсақ, сонау 2009 жылы абыз жазушы Әбіш Кекілбай­ұлының 70 жылдық мерейтойы туған жерінде керемет тойланып еді. Салтанатты жиында қайраткер, қаламгер туралы баян­даманы оның таланты мен адамгершілік қасиеттерін аса жоғары бағалап, ерекше құр­мет­тейтін үзеңгілес інісі, сол кез­дегі Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жасады. Сонда әкім жазушыға халық атынан тоғыз қанатты киіз үй сыйлаған болатын.

Көрме • 19 Сәуір, 2024

Жаназық жәрмеңкесі

Астана жұртының таң атысымен EXPO халықаралық көрме орталығына қарай ағылып жатқанына, міне, үшінші күн. Жүздеген баспа, мыңдаған кітап, бұрыш-бұрышта авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, тұсаукесерлер көрме алаңын азан-қазан рухани базарға айналдырып жібергендей. Әрине, жылына бір рет болатын «Eurasian Book Fair-2024» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – оқуға құмар жандарға таптырмас мүмкіндік. Ыбырайша айтсақ, «тілегені алдынан іздемей-ақ табылатын» көрмеден кім құр қалсын!

Өнер • 08 Сәуір, 2024

Суреттегі Сүйінбай

Қылқалам ұшындағы бояу талантпен, шеберлікпен ұш­тас­қан кезде сиқырға бергісіз дүние пайда болады. Сиқыр дейтініміз сол, халқымыздың маңдайына біткен тау тұл­ғаларының шын бейнесі де осы суретшілердің хас өнерінің арқасында жадымызда жаңғырып қалды. Мәселен, «қазақ­тан суретші шықты» деген сөзді айтқызған, Қазақ­станның халық суретшісі Әбілхан Қастеев қаншама ұлт қай­раткерлерінің бейнесін жазды. Автор салған сол бей­нелер бүгінде тарихқа айналып, ұлт мәдениеті мен руха­ниятының асыл қазынасына айналды.

Таным • 28 Наурыз, 2024

Сіз білесіз бе?..

Біз осы классиктермен бір планетада тұрамыз дейміз. Бірақ ғұмыры аңызға айналған ақын-жазушылардың ойы, болмысы мен міне­зі, өмірі – өзінше бір бөлек әлем, бізден түу жы­рақ­тағы қабат-қабат аспаннан да жоғары кеңістік сынды. Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттер мен іс-әрекеттер жиі кездеседі. Еркеліктері де аз емес және өздеріне жарасады. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінезі – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінезі үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Басқа әлем деп отырғанымыз да содан шығар.

Таным • 27 Наурыз, 2024

Үш кітап пен бір кем дүние

Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Аны­ғырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды, һәм айтыла беретін секілді. Расында, қазіргі оқырман кімдерді оқып жүр? Қандай жанрдағы кітаптар көп оқылады? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазушы Есболат Айдабосын. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?

Яндекс.Метрика