Саясат • 23 Желтоқсан, 2025
Бас қала қарқынды дамып келеді
Еліміздің бас қаласы биыл әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Негізгі нәтижелер экономиканың түрлі секторында тұрақты өсуді, стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, тартылған инвестиция көлемі, инфрақұрылымды дамыту сынды маңызды көрсеткіштер туралы оң динамика байқалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы барысын жан-жақты баяндады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасының шапағаты
Қазақ қоғамы кейінгі онжылдықта түрлі несие шырмауына тәуелді болып қалды десек, артық айтқандық емес. Тұрғын үй, автокөлік, дәстүрлі той-томалақ тұрмақ, тұрмыстық техникадан бастап, киім-кешек, азық-түлікке дейін несиеге алу қалыпты өмір салтына айналды. Алайда бұл «қалыптылықтың» артында 8,5 миллионға жуық экономикалық белсенді халықтың қарызға батуы, оның ішінде 1,5 миллионнан астам адамның төлем мерзімін 90 күннен асырып алуы сияқты келеңсіз статистика тұр.
Өшпес даңқ • 18 Желтоқсан, 2025
Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер
Екінші дүниежүзілік соғыста бейбіт өмір жолында қасіретті қырғынның от-жалынын кешкен ержүрек жауынгерлердің бірі – Нұртай Әлиманов.
«Таза Қазақстан» • 13 Желтоқсан, 2025
Қала тазылығының насихатшылары марапатталды
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектелуі серіктестігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер арасында байқау жарияланған еді. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Таза сана – Таза қала» атауымен ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығып, бір топ журналист жүлделі болды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет ұлттық даму институты мәртебесінде өңірлерде жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмысын бастады.
Шаруашылық • 03 Желтоқсан, 2025
Биылғы орақ науқаны кейінгі жылдардағы ең нәтижелі науқандардың бірі болып, Ақмола облысын астықтың жалпы жиналымы жөнінен еліміздің көшбасшылары қатарына шығарды.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында несие беруді жүйелі жүзеге асырып келеді. Несие мөлшерлемесі – 1%. Бастапқы жарна – 0%. Биыл бағдарлама алғашқы болып өтінім берген 200 отандасымызға жаңа баспана сыйлады.
Қоғам • 15 Қараша, 2025
Жұмысшы мамандарды қолдау, олардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу мақсатында «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ биыл алғаш рет аталған контингентке арналған жеке бағыт – «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосты.
Спорт • 31 Қазан, 2025
Көпшілік көзайымына айналған кубок
25–29 қазан аралығында Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде үстел теннисінен Президенттің бірінші Ашық кубогі өтті. Турнирге 14 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің топ – 100-дігіне енетін ойыншылар да өнер көрсетті. Жалпы жүлде қоры 115 000 долларды құрады.
Қоғам • 25 Қазан, 2025
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қастерлі қызмет
Қазанның соңғы жексенбісінде 2011 жылы 20 қазанда кәсіби мерекелер тізіміне ресми түрде енгізілген Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл күн – еселі еңбегімен, қапысыз қамқорлығымен қарттарға қызмет ететін, мүгедектерге, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін барша жанға деген шынайы құрметтің белгісі.