
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Салиқалы ерлі-зайыпты садақшылар
Ата-бабасынан отырықшылық өмір салтын ұстанған халыққа көшпелілердің ұлттық спорт түрлері экзотикалық мәнге ие. Сол себепті кейінгі жылдары АҚШ пен Еуропа елдерінде түркі халықтарының ұлттық ойындарына деген қызығушылық жоғары. Біз V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына тіпті бірнеше шетелдік ерлі-зайыптылардың да қатысып жатқанын көргенде қайран қалдық. Дәстүрлі садақ атудан сынға түсіп жатқан солардың бірқатарын әңгімеге тартып, тамырын басып көрген едік.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізілген спорт түрінің бірі – арқан тартыс. Бұл – қазақ даласында ықылым заманнан бірге жасап келе жатқан күш сынасу түрі. Жарыстың төртінші күні әлемнің әр түкпірінен келген ондаған команда ерлер және әйелдер арасында үздіктерді анықтады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының төртінші күні де қызу тартысты додаға толы болды. Атап айтқанда, төрткіл дүниеден келген спортшылар көкпар, көк бөрі, теңге ілу, рowerful nomad, жамбы ату, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, алыш, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Айбын • 11 Қыркүйек, 2024
Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді. Халық шын батырын танып жатса, ел ынтымағы мен ауызбірлігінің артқаны, әділдіктің салтанат құрғаны. Жаугершілік заманда елі мен жерін қорғаған, ал бейбіт күнде халқына өлшеусіз қызмет қылған майталмандар аз болмаған. Сол жақсылардың бүгінгі жалғасы – «Халық қаһарманы» атағын алып отырған көрнекті мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаев.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024
Елордамызда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының екінші күні жарыс жолына шыққан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары ел қоржынына бес алтын, бір күміс медаль салды.
Әскер • 11 Қыркүйек, 2024
Әскери лицейдегі тәлімді дәріс
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматыдағы «Арыстан» лицейінде білім алып жатқан тәрбиеленушілермен кездесіп, әскери мамандықтың сырымен бөлісті.
Басылым • 10 Қыркүйек, 2024
Басқа басылымдардан: Қазақстан үшін маңызы зор
Көшпелілердің мәдениетін сақтауға бағытталған жарыс – V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары жексенбіде Астанада басталды. Спортшылар 13 қыркүйекке дейін 21 спорт түрінен бақ сынайды.
Саясат • 07 Қыркүйек, 2024
Балқан елімен байланыс беки түседі
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Белград қаласына жұмыс сапары аясында Сербия үкіметі мен Парламентінің ресми тұлғаларымен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) отырысының жұмысына қатысты.
Қылмыс • 05 Қыркүйек, 2024
Алаяқтардан айла артылар емес. Қазір халықтың бәрі интернетте отыратынын, жасың да, жасамысың да уақытының көбін телефонға шұқшиюмен өткізетінін білетін әккілер интернет алаяқтықтың құлақ естіп, көз көрмеген небір түрін ойлап тауып жатыр. Бүгінгі жұрттың заң жағынан ғана емес, медиа сауаттылығының да таяздығы – олар үшін іздегенге сұраған.
Қоғам • 30 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысының құмар ойындардан келер қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салааралық кездесу өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда заңсыз онлайн құмар ойындарға, лудоманияға қарсы күрес мәселелері талқыланды.