Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Қарасай ауданында өндірістік зауыт ашылды
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қапшағай су қоймасының жағажайы жаңартылды
Қапшағай су қоймасының жағалауы көп жылдар бойы назардан тыс қалып келген еді. Енді бұл аумақ мүлде жаңа кейіпке еніп, балалар және спорт алаңдары, субұрқақтар, суға түсуге арналған ыңғайлы баспалдақтар, орындықтар мен жарықтандыру жүйесімен жабдықталған заманауи қоғамдық кеңістікке айналды. Ауқымды жобаны жүзеге асыруға «КСЖ Freedom Life» АҚ қолдау көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Талхиз қалашығында фотокөрме ұйымдастырылды
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық Талғар қалажұртында «Тарихы терең Талхиз» атты ақпараттық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Шараға музейтану саласының мамандары, тарихшы, археолог ғалымдар мен туристік агенттік өкілдері және Талғар қаласындағы №25 орта мектептің оқушылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Алматы облысында қазақ тілін үйрететін Telegram-бот іске қосылды
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін «TilOquBot» атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 12 Сәуір, 2025
25 жылдық кепілмен салынған жол жағдайы сын көтермейді
Алматы облысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың жағдайы қоғам тарапынан жиі сынға ұшырап келеді. Жолдардың жарықтандырылмауы, қоршаудың болмауы, ескірген өткелдер мен күтімсіз учаскелер – мұның барлығы тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да кері әсер етуде.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
Іле ауданына қарасты Қараой ауылында құмай тазылар арасында «Асыл мұра – 2025» ашық облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қонаевта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана берілді
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Саяжайлар елді мекендер қатарына енді
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе – саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 09 Сәуір, 2025
Қоқыс тастағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасып жатыр. Оның бірі – тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ескертулер мен әкімдіктің ресми хабарламаларына қарамастан, қалада ереже бұзушылар өте көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 08 Сәуір, 2025
Экоакция аясында 1055 тонна қоқыс шығарылды
Өткен сенбіде Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кезінде кең ауқымды жалпы облыстық сенбілік ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.