
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген.
«Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі өз-өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сондықтан биылғы 17 маусымда сотқа дейінгі тергеу органы ҚПК талаптарына сәйкес акт негізінде істі тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Алматы облысы.