
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Алматы облысында бір айда үш барымташылар тобы ұсталды
Осы жылдың ақпан айында ғана Алматы облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығына қатысы бар үш қылмыстық топты ұстады. Жедел шаралардың нәтижесінде 10 адам анықталып, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымының өсуіне мүдделі
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды
Иппотерапия орталығы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан. Бұл орталықтың ашылуы – мүгедектігі бар балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, психологиялық тұрғыда қолдауға және әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 21 Ақпан, 2025
Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды
Елімізде кең етек алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары көше бойын тазартуға бір кісідей атсалысты.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Алматы облысы 270 мың тонна жүгері жинады
Өткен жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2025
Алматы облысында дәрігерлер жағдайы ауыр әйелді аман алып қалды
Алматы көпсалалы облыстық ауруханасында дәрігерлердің өзара шұғыл әрекет етуінің арқасында 42 жастағы жүкті әйелді аман алып қалды. Мамандар Іле аудандық ауруханасынан жүктіліктің 32-ші аптасында ауыр жағдайда түскен әйелге шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
«Көктем-2025» оқу-жаттығуы басталды
Алматы облысында «Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Іле ауданы – өңірдегі экономикалық әлеуеті өте жоғары ауданның бірі. Ірі бизнес орталықтары шоғырланған әрі мегаполиске жақын аймаққа ойдан-қырдан көшіп келіп, қоныстанушылар көп. Сондықтан да қордаланған әлеуметтік мәселелер жеткілікті. Солардың бірлі-жарымын назарға алсақ, аудан орталығында бұрын-соңды болмаған мәдениет үйінің іргесі қаланғанымен, құрылысы төртінші жыл тұралап тұр. Мұндағы облыстық емдеу мекемесінің жай-күйі де мәз емес.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай әкімдік өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары бас қосып, облыс орталығындағы еңселі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, заңғар тұлғаның рухына тағзым етті.
Бокс • 17 Қаңтар, 2025
Былғары қолғап шеберлері бақ сынасты
Жамбыл ауданындағы «Baqsy» сауықтыру кешенінде бокстан жастар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа өңірдің 8 ауданы мен Қонаев қаласынан 2011–2012 жылы туған жас спортшылар қатысты. Барлығы 9 команда, 220-дан аса спортшы өзара бақ сынасты. Олар 16 салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп, 32 медаль жиынтығын сарапқа салды.