Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
551 материал табылды

Қоғам • 26 Қазан, 2023

Алғаны – алғыс, мінгені – мопед

Ынтымағы ұйысқан Ұзынағаш ауылының үлкен-кішісіне тегіс таныс Оляның жолын апта сайын асыға күтетіндер аз емес. Осылай атап кеткен ауыл тұрғындарына құшақ-құшақ газет-журнал жеткізетін Ольга Ділдебаева поштада қызмет еткелі отыз жылды орталапты.

Өнер • 24 Қазан, 2023

Бақ саясындағы балдырғандар

Тұмса табиғаттың ғажайыбына зер салып, сұлу келбетін қылқаламмен ақ қағазға түсіруге әуес балауса дарын иелерінің өнерін ұштауға суретші әрі өлкетанушы Болат Сәрсенбай ұшан-теңіз еңбек сіңіріп жүр.

Ұлттық спорт • 24 Қазан, 2023

Еркіндік қыраны, қалықта!

Сонау 80-жылдардың соңында қатары селдіреген құсбегілердің ба­сын біріктіріп, ата дәстүрімізді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақ­тың санасына сіңіруді мақсат еткен «Жалайыр Шора» атындағы бүркітшілер мектебінің негізі қалан­ған.

Қоғам • 24 Қазан, 2023

Жұрт күткен жылжымалы кешен

Бас мейрам басталғалы тұрғанда «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысына онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенді тарту етті.

Медицина • 23 Қазан, 2023

Науқас ахуалын жедел бағамдайтын құрал

Халықтың денсаулығын жақсартумен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру – алғашқы міндеттердің бірі. Осы бағытта Талғар ауданында «Philips Foundation» халық­ара­лық коммерциялық емес ұйымы «Сәби» қорымен бірлесіп, елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетім­ділігін арттыруға ықпал ететін қайырымдылық бастамасын іске қосты.

Құқық • 23 Қазан, 2023

Заңсыз иеленген зауыт қайтарыла ма?

Бүгінгі таңда баламалы энергия көздерін пайдаланудың қажеттілігі күн өткен сайын артып келеді. Себебі электр энергиясынсыз ешбір жұмыс атқарылмайды. Далада да, қалада да тіршілік атаулыға жан бітіріп, жарық беріп тұратын электр қуатын күн мен желден өндіруде тың жобалар, ғылыми ізденістер жүзеге аса бастаған. Бұл жолда отандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Альберт Болотов ойлап тапқан баламалы энергия өндіруге қажетті құрал – желдік роторлы стансасын қолданудың өрісін кеңейтіп, ғалымның жұмысын жандандырып, баламалы энергия көзін өндіруді талғарлық Бақыт Шәкіров өзіне мақсат еткен.

Құқық • 20 Қазан, 2023

Жемқорлық орға жығады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым­дықтарының бірі ретінде айқындалған. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, оған қарсы тұру әрбір азаматтан батылдық пен адалдықты, табандылықты талап етеді.

Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Көмірден тарықпайды

Қыс – қыр астында. Алты ай ақ көрпе жамылатын аспантау елі үшін тонналап көмір түсіріп, күл шығарудың уайымы аз емес. Қоңыр күз түсіп, ақ қырау тұрған кезден бастап әр үйдің мұржасынан көк түтін өрілетін өлкенің қысы ерте, жазы кеш келетіні белгілі.

Өнер • 18 Қазан, 2023

Қолөнер шеберлері

Қонаев қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған «Шебер-Fest» республикалық қолөнер фестиваліне еліміздің әр аймағынан 40-тан аса он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері қатысып, халқымыздың мәңгілік мұрасына айналған атакәсіптің сан алуан түрін көрермендер назарына ұсынды. Шеберлердің көз жауын алатын қолөнер бұйымдарына қала жұртшылығы мен қонақтары үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар арнайы жабдықталған сахна төрінде «Адырна» фольклорлық ансамблі мен танымал өнер ұжымдары халықтық ән-билерін орындап, фестивальдың мән-маңызын арттырды.

Білім • 16 Қазан, 2023

Оқушы есебінен бизнеске жол жоқ

Алматы облысына іссапармен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы өзекті мәселелерді арқау еткен алқалы жиын өткізді. Облыстық әкімдік ғимаратында ең алдымен депутаттармен кездесіп, өңірдің білім беру ісіне қатысты бірқатар мәселесінің жігін ашты.