Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
446 материал табылды

Көрме • 22 Қараша, 2023

Қамкөңіл балаларға қамқорлық

Ұзынағаш ауылында орналасқан «Қамқорлық оңалту» орталығына еліміздің әр түкпірінен денсаулығында кінәраты бар балалар келіп, ем-шара қабылдайды. Олардың әрбірімен жеке-дара және топтар бойынша мамандар оңалту жұмыстарын жүргізеді. Емделуші балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, көңілін серпілтуді мақсат еткен Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды му­зейінің қызметкерлері жуырда көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда ем­делуші балалар ақиық ақын Сүйінбай аталарының мол мұраларымен танысты.

Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда

Қонаев қаласында халық саны көбейіп, қалааралық қарым-қатынас та жиілей түскен. Соған сәйкес облыс орталығында 10 бағытта 23 автобус жолаушылар тасымалымен айналысады. Жол жүру ақысы бүгінгі күнге 80 теңге, ал оқушылар мен студенттерге жеңілдік ретінде жарты бағасы, яғни 40 теңге болып бекітілген.

Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Мектеп құрылысы тұралап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралап өңірде 5 айдан бері жұмысы тоқтап тұрған мектеп барын анықтады. Бұл туралы «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шаруашылық • 31 Қазан, 2023

Ысырапсыз ырыс

«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.

Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Болашақ чемпиондарды баулитын кешен

Шекаралы аймақ – Райымбек ауда­нының Сүмбе ауылының жас­тарын шат-шадыман еткен айту­лы­ жаңалық – заманауи спорт ке­ше­­нінің пайдалануға берілуі. Ауыл­дың ажарын ашып, тұрғындар көңі­лін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.

Өндіріс • 30 Қазан, 2023

Сүт импортына тәуелділікті төмендетеді

Еліміздің агроөнеркәсіптік ке­ше­нін дамыту жөніндегі Пре­зи­дент тапсырмасына сәйкес Ауыл­ шаруашылығы министрлігінің бас­тамасымен оңтүстіктегі облыс­тар­дың сүт өндірушілеріне ар­нал­ған «Консалтинг және оқыту ор­талығы» ашылды. Жоба сүт өн­­діру саласындағы Қазақстан-Германия KFM бағдарламасының екін­ші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.

Өнер • 24 Қазан, 2023

Бақ саясындағы балдырғандар

Тұмса табиғаттың ғажайыбына зер салып, сұлу келбетін қылқаламмен ақ қағазға түсіруге әуес балауса дарын иелерінің өнерін ұштауға суретші әрі өлкетанушы Болат Сәрсенбай ұшан-теңіз еңбек сіңіріп жүр.

Қоғам • 24 Қазан, 2023

Жұрт күткен жылжымалы кешен

Бас мейрам басталғалы тұрғанда «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысына онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенді тарту етті.

Медицина • 23 Қазан, 2023

Науқас ахуалын жедел бағамдайтын құрал

Халықтың денсаулығын жақсартумен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру – алғашқы міндеттердің бірі. Осы бағытта Талғар ауданында «Philips Foundation» халық­ара­лық коммерциялық емес ұйымы «Сәби» қорымен бірлесіп, елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетім­ділігін арттыруға ықпал ететін қайырымдылық бастамасын іске қосты.

Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Көмірден тарықпайды

Қыс – қыр астында. Алты ай ақ көрпе жамылатын аспантау елі үшін тонналап көмір түсіріп, күл шығарудың уайымы аз емес. Қоңыр күз түсіп, ақ қырау тұрған кезден бастап әр үйдің мұржасынан көк түтін өрілетін өлкенің қысы ерте, жазы кеш келетіні белгілі.

Яндекс.Метрика