
Ауыл • 03 Шілде, 2023
Төскейі төрт түлікке толы жайлау
Теңіз деңгейінен шамамен екі жарым мың метрге жуық биіктіктегі Іле Алатауының шығыс сілемінде жатқан атақты Асы жайлауын Еңбекшіқазақ ауданының малшылары жайлайды. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы жайлау төрінде 500-ден астам шаруа қожалығының малдары жайылып, қоң жинайды. Жыл сайын жайлау төсін дүбірлеткен малшылар слетінің карантин уақытында жібі үзіліп қалған еді. Биыл дәстүрлі шара қайта жаңғырып, Асыда ауылшаруашылық еңбеккерлері мен кәсіпкерлердің форумы ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығына қолайлы өңірдегі төрт түлік малдың 65 пайызы 133 жайлауда жайылады.
Қылмыс • 26 Маусым, 2023
Ауыл тіршілігінің сәні мен мәні – алдына салып баққан азын-аулақ малы. Шаңырағы жанға, қорасы малға толуына тілекші ағайындар төрт түлік қарасын көбейтіп, ырыс-берекесін арттыруға ниетті-ақ. Алайда оған жайылымдық жердің тапшылығы адым аштырмай, тұсаулап тұрғаны – бүгіннің басты проблемасы. Соған қарамастан мал өсіріп, оның азығын қамдап жүрген ағайынның адал еңбекпен тапқан малын алдына сап айдап кетіп, оңай олжаға кенелгісі келген қарақшылардың қылмысы көбеймесе азаймай отыр.
Басылым • 25 Маусым, 2023
Ақпарат айдынында – «Алатау арайы»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына қоныс аударғалы бері өңірдің тыныс-тіршілігінен хабардар етуді мақсат тұтқан жаңа басылым жарыққа шыққан еді. Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет «Алатау арайы» деп аталады.
Білім • 23 Маусым, 2023
Биылғы оқу жылын Алматы облысында 12 253 түлек аяқтаса, оның 696-сы «Алтын белгі» иегері атанды. Түлектерді бұл қуанышымен өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев құттықтап, ақ жол тіледі.
Қоғам • 20 Маусым, 2023
«Дәстүрден тағылым» облыстық байқауы
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетіп, халыққа мінсіз қызмет етуді мақсат еткен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы өңірінде алғаш рет «Дәстүрден тағылым» атты облыстық байқау ұйымдастырылды.
Аймақтар • 14 Маусым, 2023
Алматы облысының орталығы болып бекіген Қонаев қаласының бір жылдығына орай, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Журналистермен жүздесуін Абай облысындағы орман өрті кезінде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына, жақындарына облыс тұрғындарының атынан көңіл айтудан бастаған облыс әкімі Марат Елеусізұлы төтенше жағдайдан зардап шеккен өңірге облыс тарапынан көмек көрсету мақсатында 31 өрт сөндіруші мен 9 техника жіберілгенінен хабардар етті. Олар Талица ауылының аймағындағы өрттің таралуына жол бермей, азаматтардың мүлкін қорғау жұмыстарын атқарып жатыр.
Аймақтар • 12 Маусым, 2023
Қымбатшылық шарықтап тұрған тұста ат шаптырым ауыл арасына жету қарапайым халықтың қалтасына кәдімгідей салмақ салары айтпаса да түсінікті. Әсіресе, Алатауды бауырлай жатқан Есік пен Талғар қалаларының арасына қатынасудың қиындығын жергілікті тұрғындар соңғы жылдары айқын сезінді. Себебі екі араға жүретін қоғамдық көлік қатынасы пандемия кезінде үзіліп, жолаушылар тек таксимен жүруге мәжбүр болған. Оның да құны көтеріліп, кемінде бір бағытқа жету бағасы 300-400 теңгеге дейін шарықтап кеткен еді.
Экономика • 09 Маусым, 2023
Ел Президенті Алматы агломерациясын екі облысқа бөлу туралы Жарлыққа қол қойғаннан кейін, сол кездегі қаланың атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне беру туралы ұсынысы қапшағайлықтарды қисапсыз қуанышқа бөледі. Ол күннің тарихи мәні зор және алдағы өзгерістер үшін тірек нүктесі іспеттес еді. Содан бергі қала өмірі жаңа бояуға боялып, құлпыра жөнелді, ал даму қарқыны шын мәнінде таңдай қақтырарлық сипатқа енді. Қалай дегенмен де, «облыс орталығы» деген мәртебе талап деңгейімен шендес болуға міндеттейтіндігін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айрықша атап келеді.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Алтын ұя мектептен қанат қаққанына 20 жыл толған Аспантау аясындағы Сарыжаз ауылының түлектері мерейлі кездесулерін ерекше әсерлі әрі мазмұнды атап өтті.
Балалар • 05 Маусым, 2023
Қонаев қаласында балаларды қорғау күніне орай еліміздегі ауқымды скейт парк ашылды. Оның жалпы ауданы – 9 400 шаршы метр, ал алаңның өзі 2 мың шаршы метрді алып жатыр.