Аймақтар • 08 Қазан, 2025
Жамбыл аудандық мәдениет үйінде халқымыздың рухани қазынасын 500-ден астам музыкалық туындымен байытқан ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай «Ұлы даланың Нұрғисасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Шешенсөз иелері өзара сынға түсті. Бәсекелі айтыста «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Мейірбек Сұлтанхан қарсыластарына дес бермеді. Ол алдымен қырғыздың айтыскер ақынынан басым түссе, ақтық сайыста Аспанбек Шұғатаевты шаң қаптырып, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тақымдады.
Тағзым • 04 Қазан, 2025
Біртуар күйші-композитор, дирижер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай, Өтеген батыр ауылында еңселі ескерткіш бой көтеріп, тұлға атында жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды.
Тағзым • 04 Қазан, 2025
Тәңіртау өлкесінде айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдығы дүбірлеп өтті. Тегістіктен түлеп ұшқан айтыс өнерінің мұзбалақ қыраны бозбала шақтан қанатын қомдап, заңғар биікке самғады. Мектеп жасынан аудандық, облыстық айтыстарда оза шауып, республикалық жарыстарда дараланды. Бір күнде бес ақынмен айтысқа түскені аңызға айналды.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі әрі бірегейі келушілердің көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа демалыс орнының қызығын қала жұртшылығы көре бастады. Жасыл желекті алаңқайда серуендеген қалалықтардың қарасы көп. Демалыс аймағы Қойшыманов – Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 527 шаршы метрді құрайды.
Жоба • 30 Қыркүйек, 2025
«Alatau City» жобасын жүзеге асыру барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Alatau City» мегажобасының төрт негізгі аймағында – «Gate», «Golden», «Growing» және «Green» аудандарының құрылысына дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025
Іле ауданы, Күрті ауылдық округіндегі «Дәулет-Бекет» ЖШС Гиннестің рекордын жаңарту мақсатында «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасын өткізді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері Алматы облысының тұрғындарына жалпы сомасы 10,7 млрд теңге шамасында қайырымдылық көмегін көрсетті. Өңірде 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Президент тапсырмасына сай қор қаражатын кәдеге жаратып жатқан мекемелерде жұмыс қарқынды жүргізіліп, қарапайым халық игілігін көріп отыр.
Ұлттық спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды
Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-шара Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында өтті.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2025
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай, қалада алты күндік түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы жасалып, шаһар көгінде әуезді ән-күй қалықтайды. Мерейтой шымылдығы қалалық мәдениет үйінде «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концертімен ашылды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 26 мектеп салу жоспарланған. Өткен жылы соның 9-ы пайдалануға берілсе, биыл 8-і іске қосылды. Аталған жоба бойынша өңірдің Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында, сондай-ақ мегаполиспен іргелес Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында салынған еңселі мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.