
Спорт • 05 Наурыз, 2025
Еңбекшіқазақ ауданында екінші мәрте ұйымдастырылған «Алтын адам» республикалық турнирі мәресіне жетті. Жасөспірімдер арасында өткен татамидегі тартысқа еліміздің 10 өңірінен жас балуандар қатысты.
Қоғам • 02 Наурыз, 2025
Шөп шауып, көкпар тартқан Николай
Алғыс айту күні – кең байтақ Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдері қонақжай қазақ халқына жүрекжарды алғыстарын айтып, тағзым етуді дәстүрге айналдырды. Осыған орай, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының сәулелі зерттеу бөлімшесінің лаборанты Николай Недоводеевпен аз-кем тілдескен едік. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген жас маман Отаны мен ортасына зор алғысын білдірді.
Мереке • 01 Наурыз, 2025
Алғыс айту мерекесі Алматы облысында да кең көлемде аталды
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Облыстық әкімдікте этносаралық келісім туралы маңызды пікірталастар өтіп, мерекенің шарықтау шегі қалалық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарлама болды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Көрме • 01 Наурыз, 2025
Көптің көзайымына айналған көрме
Қарадала өңірінде ауыл шаруашылығы кең етек алған. Еңбекқор шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында жуырда Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ауданның танымал әрі тәжірибелі кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысты. Олар тауық еті, сүт өнімдері, бал, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары, басқа да өнім түрлерін ұсынды.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Алматы облысында бір айда үш барымташылар тобы ұсталды
Осы жылдың ақпан айында ғана Алматы облысының полицейлері бірнеше мал ұрлығына қатысы бар үш қылмыстық топты ұстады. Жедел шаралардың нәтижесінде 10 адам анықталып, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымының өсуіне мүдделі
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Ерекше балаларға арналған иппотерапия орталығы ашылды
Иппотерапия орталығы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан. Бұл орталықтың ашылуы – мүгедектігі бар балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, психологиялық тұрғыда қолдауға және әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 22 Ақпан, 2025
Қазақ даласын күйімен тербеген
Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанын 100 жыл. Осыған орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты іс-шара бастау алды.
Экология • 21 Ақпан, 2025
Экоакция аясында 6 тонна қоқыс шығарылды
Елімізде кең етек алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы кезінде Қарасай ауданы Жалпақсай ауылының тұрғындары көше бойын тазартуға бір кісідей атсалысты.
Тағзым • 20 Ақпан, 2025
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бастау алды
Биыл Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Осыған орай, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты шара шымылдық ашты.