Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025
Қытайдың Чунцин қаласында 11 787 дрон бір мезетте аспанға көтеріліп, шоу көрсетті. Бұл – әлемдегі ең ауқымды дрон шоуы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Ғалам ғажаптары • 25 Маусым, 2025
Ғаламда уақыт алға ғана жылжиды деген ұғымды физик Гюнтер Клетечка жоққа шығармақ. Ол уақыт үш өлшемнен тұрады дейді.
Ғалам ғажаптары • 24 Маусым, 2025
«OpenAI» алдағы уақытта шығатын тілдік модельдер биологиялық қару жасауға қабілетті болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Компанияның қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Йоханнес Хайдеке мәлімдегендей, мұндай модельдер ғылымнан хабары жоқ адамдардың өзіне қауіпті патогендер жасауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Ғалам ғажаптары • 24 Маусым, 2025
Ресейлік археологтер «Челюскинец II» деген ескі тұрақтан шамамен 160 мың жыл бұрынғы бояу қалдықтарын тапты. Бұл – неандертальдықтар күрделі бояғыш қоспа қолданғанын дәлелдейтін Еуропадағы екінші дерек.
Ғалам ғажаптары • 24 Маусым, 2025
ДНҚ-ны қалпына келтіретін ақуыз
Аустралиялық ғалымдар ми жасушаларын қалпына келтіретін ерекше «PDI» ақуызын тапты. Бұл ақуыз жасуша ішіне еніп, зақымданған ДНҚ-ны емдейді.
Ғалам ғажаптары • 21 Маусым, 2025
Түрікменстанның Қарақұм шөліндегі Дарваза газ кратері – әлемдегі ең ерекше табиғи нысандардың бірі.
Ғалам ғажаптары • 21 Маусым, 2025
Үндістанның Мизорам штатында өмір сүрген Зиона Чана – әлемдегі ең үлкен отбасын құрған адам ретінде тарихта қалған. Оның 39 әйелі, 94 баласы және 33 немересі бар.
Ғалам ғажаптары • 21 Маусым, 2025
Таму Массиві – Тынық мұхиттың түбінде жатқан, Жапониядан шамамен 1600 шақырым қашықтықта орналасқан ерекше, Жер бетіндегі ең үлкен жанартау.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Әлеуметтік желілерде ел азаматтарының жеке деректері ашық базаларға шығып кетті деген ақпарат тарады. Бұл жаңалық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі мәліметтер саны 16 миллионнан асады. Яғни ел халқының басым көпшілігінің аты-жөні, ЖСН, туған күні, мекенжайы, азаматтығы, ұлты, тіпті ұялы және үй телефон нөмірлері интернетте жарияланып кеткен. Мұндай жағдайда қарапайым азамат өзін қалай қорғайды? Деректер қайдан шықты? Жауапты кім?
Digital • 20 Маусым, 2025
Жасанды интеллект бәсекесі қыза түсті
Жасанды интеллект саласындағы жаһандық жарыс қыза түсті. Әрбір технологиялық компания «GPT-4» деңгейінде ЖИ-модель жасай алатынын көрсетсе де, көшбасшы болу қиын екенін мойындап үлгерді. Өйткені алпауыт компаниялар алдыңғы орын үшін барын салып жатыр.