Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
202 материал табылды

Әскер • 16 Ақпан, 2023

Әскери оқуға қалай түсуге болады?

Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған азаматтар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады. Яғни жақсы әскери дайындық көрсеткендердің оқу ақысын институттар өздері өтейді. Сондай-ақ әскери кафедраларда білім алу студенттер үшін тегін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов мәлімдеді.

Төтенше жағдай • 07 Ақпан, 2023

Жер сілкінісі: сақтық пен сабақ

Түркия елінде болған алапат зілзала төтеннен төнетін қатер туралы ойлануға жетелейді. Әңгіме айғайға аттан қосу емес, жер сілкінісі жиілей бастаған кезеңде ел-жұрттың қауіпсіздігін қамту жайында болмақ. Елімізде осы бағыттағы сақтық шарасы қалай атқарылуда, төтенше жағдай туындаған кезде адамдар қалай әрекет етуі керек және жауапты сала мамандары өз міндеттерін қаншалықты тыңғылықты атқаруға дайын деген сауалдарға жауап іздедік.

Қоғам • 06 Ақпан, 2023

Ерекше балаларды қолдау

Қазақстандағы ерекше балаларға шығармашылық мамандықтарды оқуға мүмкіндік жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова мәлімдеді.

Халық • 01 Ақпан, 2023

Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат

Елордада «Amanat» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісін өткізді. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын ұлықтауға арналған іс-шара Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназияда бастау алды.

Қазақстан • 31 Қаңтар, 2023

Қымбат құжат

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеу қымбаттады. Бұдан бөлек жүргізуші мен неке куәлігін алу үшін төленетін ақы мөлшері де артты. Осыдан он жыл бұрын 2-3 мыңның айналасында болған төлқұжат бағасы 6-7 есеге қымбаттаған. Құжат ресімдеу құнының бұлай шарықтауына не себеп?

Сайлау • 29 Қаңтар, 2023

Саяси науқанға – тиянақты әзірлік

«Amanat» партиясының сайлау­алды бағдарламасын әзірлеуде тұрғындар өтініші ескеріледі. Бұл туралы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысып, кейіннен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген пар­тия­ның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді.

Қоғам • 27 Қаңтар, 2023

Заңсыз байығандарға санкция бар

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттал­ған­дар­ды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқта­ты­лады. Бұған қоса заң­на­ма­ға «заңсыз баю» ұғымы енгізілмек. Құжатқа сай жауапты өкілдерде шенеу­ніктердің нақты табысынан асып түсетін кірістерді тергеу мүмкіндігі бар. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жа­ңалығының бірі.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Халықаралық тәжірибе алмасу

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Вашингтонға жұмыс сапары шеңберінде жетекші халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Қазақстан елшілігінің алаңындағы сындарлы диалог аясында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен азаптаудың алдын алу, сөз бостандығы құқығы және саяси партияларды тіркеу мәселесін көтерді.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Креативті буын: олар кімдер?

Елордада «Creative табыс тарихы» жобасы аясында шығармашыл жас­тармен кездесу өтті. Игі бас­таманы «Kazakh Tourism» компаниясы ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – қазақстандықтарды жергілікті дарын иелерімен таныс­тыру.

Білім • 24 Қаңтар, 2023

Шетелде оқудың артықшылығы мен кемшілігі

Бүгінде мемлекетке де, отбасына да салмақ салмай әлемнің белді универ­ситеттерінде мыңдаған қазақ баласы оқып жүр. Өйткені сапалы білім – жақсы жұмыс тауып, жайлы өмір сүру үшін қажет негіз. Жастар таңдауының көш басында Еуропа елдері, АҚШ пен Ұлыбритания және Оңтүстік Корея тұр.