Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1460 материал табылды

Аймақтар • 18 Наурыз, 2024

Жастар саябағының іргетасы қаланды

Қасиетті Рамазан айында Түлкібас ауданы, Машат ауылында «Жастар» саябағы салынады. Саябақты аталған ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Бекзат Төреев бастаған, мектеп бітіргендеріне 50 жыл толған, түлектер өз қаржысы есебінен көтермек.

Шымкент • 18 Наурыз, 2024

«Әуезов һәм Абай» ғылыми шығармалар жинағы оқырманға жол тартты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Әуезов һәм Абай» атты 2-томдық ғылыми шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдары зерттеулерінің нәтижесінде жарық көрген жинақтың таныстырылымына өңірдің зиялы қауым өкілдері, жазушылар, республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері, оқытушы-ғалымдар және студенттер қатысты.

Айтыс • 18 Наурыз, 2024

Жолдама – түркістандықтарда

Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Төрлет, Наурыз, төріме» атты республикалық коман­далық айтыс өтті. Ұлттық өнердің 5 жанры бойынша Түркіс­тан мен Жамбыл облыстарының ақындары және өнерпаздары өзара мықтыны анықтады.

Үкімет • 15 Наурыз, 2024

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды нысан мен тарихи-мәдени орынға арнайы барды. Үкімет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, Мемлекет басшысының сәулет өнерінің жарқын үлгісі әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдениеттің бірегей мұрасын сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты.

Кино • 10 Наурыз, 2024

Шекарасыз махаббат

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының азаматы Сәкен мен Оңтүстік Корея елінің қызы Суджиннің отау құрғанынан былтыр бүкіл ел хабардар болған-ды. Екі жас шаңырақ көтерген кез­де еліміздің ақпарат құралдары жазып, телеарналар жаңа­лық­­­тарынан көрсеткен де болатын. Ал «Turkistan» телеарнасы ақпа­рат беріп қана қоймай, толықметрлі фильм түсіріпті.

Аймақтар • 08 Наурыз, 2024

Он екі баланы әлдилеген

«Анашым, мен өскен соң сізге киім тігетін машина алып беремін», дейді жеті жасар Қазына байсалды түрде. «Мен көйлек тігіп беремін, әдемі, қызыл оюы бар. Сіз сондай көйлекті жақсы көресіз ғой», дейді Әппағы еркелей анасының мойнына асылып. «Ал мен әкеме кө-ө-ө-п ақша беремін, ол үлкен үй салып береді», дейді салмақты кейіпте Нұргүлі. Қыздарының армандай айтқан сөздеріне көңілі босаған ана іштей «әумин» деп, орамалының бір ұшын көзіне апарды...

Қоғам • 03 Наурыз, 2024

«Бауырына басқан қазаққа мың алғыс»

Түркістан өңірінде жыл сайын ақпан айының соңына таман чешен-ингуш ұлттары жиналып ас береді. Жиында аға буын өткенді еске алып, жастарға қазақ халқының бүкіл бір эностың сақталып қалуына септігі тигенін айтып отырады. Биыл Солтүстік Кавказ халықтарының қазақ жеріне депортацияланғанына 80 жыл толды.

Театр • 03 Наурыз, 2024

«Домалақ ана» операсы – Түркістан сахнасында

Шымкент қалалық опера және балет театры «Түркістан – Ұлы дала мекені» атты іссапар аясында Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсын алғаш рет Түркістан муызкалық драма театрында сахналады.

Аймақтар • 29 Ақпан, 2024

Мәдениет үйі жиналыстың ғана орны емес

Киелі Түркістанның, облыстың мәдениет саласындағы брендін жан-жақты қалыптастыру қажет. Бишілер де, әншілер мен ансамбльдер де Түркістаннан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетуге тиіс. Түркістан рухани астана бол­ған­дықтан, туристер мәдениетімізді, ежелгі дәстүрімізді көр­гісі келеді. Кітапханалар көптеп ашылып, оқу мәдениетін қалыптастыру керек. Ал Мәдениет үйлері тек жиналыс өткі­зетін орынға айналмауға тиіс.

Спорт • 28 Ақпан, 2024

Ел чемпиондары анықталды

Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 820 жас татами шебері қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.