Мәселе • 29 Мамыр, 2025
Қуаңшылық пен зиянкестер ауыл тұрғындарының тұрмысын ауырлатып тұр
Түркістан облысы шаруаларын алаңдатып отырған ең өзекті дерлік екі мәселе бар. Биыл ауа райының қолайсыздығы салдарынан егін алқаптарының біраз бөлігі күйіп кеткен. Жалпы, егілген 389,3 мың гектар алқаптың 10%-ы жарамсыз күйге түскен. Бұл жоспарланған өнім көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ өңірде зиянкестермен күрес мәселесі де өзекті болып тұр.
Білім • 23 Мамыр, 2025
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең алғашқы 140 ұпайдың иегері атанды!
Өшпес даңқ • 22 Мамыр, 2025
Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғыстың 8 ардагері тұрады. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінде өңірде соғысқа қатысушылар мен оларға теңестірілгендер саны – 2 990.
Тұлға • 21 Мамыр, 2025
Қазақы болмысты дәріптеген қаламгер
«Мархабат Байғұт – ұлт руханиятында өзіндік орны бар тұғырлы тұлға. Ол қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Қоғам тыныс-тіршілігін шынайы суреттеп, озық ойлы ұлтқа қажет мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиумға жолдаған арнайы құттықтауында осылай деді.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Суға шомылу қағидасын бұзған 32 адамға айыппұл салынды
Өрт қауіпті кезеңі басталғалы Түркістан облысының орман қоры аумағында өрт тіркелмеген. Ал дала алқаптарында 8 рет өрт шығып, аумағы 45 гектарды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Мамыр, 2025
Түркістан өңірінде көкпардың корифейі атанған Әбілхан Дауылбаев атындағы турнир биыл төртінші рет өтті. Дүбірлі дода Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Саясат • 15 Мамыр, 2025
Түркі әлемінің қарым-қатынасы тереңдей түседі
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасын құру бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен ТМҰ X мерейтойлық саммитінде ұсынған болатын. Бұл ұсыныс барлық түркі мемлекеттер басшылары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, былтыр қарашада қабылданған ТМҰ XI саммитінің Бішкек декларациясында көрініс тапты. Ал күні кеше Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы туралы Ережеге қол қою рәсімі өтті.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2025
Мәншүк, Әлия, Хиуаз... Қазығұртта
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай қазақтың үш батыр қызы – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды.
Өндіріс • 01 Мамыр, 2025
Жылына 500 арнайы техника шығарады
Өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың бірі саналатын Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «Автотехнологиялар зауыты» ЖШС арнайы мақсаттағы автокөліктер құрастыруды көздеп отыр.
Тағзым • 01 Мамыр, 2025
Біртуар күйші есімі ардақталды
Түркістан өңірінде Қазақстанның халық әртісі, композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай бірқатар игілікті іс-шара ұйымдастырылды. Облыс орталығындағы «Конгресс-холл» кешенінде өткен күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш – солардың бірі.