 
                                                            Университет • 26 Қыркүйек, 2025
Түркістанда халықаралық қазақ-корей IT университеті ашылды
Түркістан қаласында «Woosong University Kazakhstan» университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа жоғары оқу орнының ашылуы – Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанда шығарылған цемент өніміне жалған сәйкестік сертификаты берілген
Түркістан облысында белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімдер импортының тұрақты өсу тенденциясы елеулі алаңдаушылық туғызады. Өңірде тек тамақ өнімдері ғана емес, сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар да бақылауға алынған. Олардың қатарында жиі өрт тудыратын кабельдік өнімдер, электр аспаптары, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионатында шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Шардара спортшылары үлкен жетістікке жетті. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетсе, оның ішінде шардаралық спортшылар 19 алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 24 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде «Altyn land» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқталған. Жылына 90 млн дана кірпіш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Түркістанда оқушылар ұялы телефон қолданудан бас тартты
Енді Түркістан қаласындағы бірқатар мектепте оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Қалалық білім бөлімінің «Смартфонсыз мектеп» жобасы ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалардан да қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025
Өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығы болудан үмітті өңір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл орайда ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ Президент әр өңірде дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптасуы қажеттігін айтты.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2025
Түркістанда Орталық Азия – Корея ынтымақтастық форумы өтті
Түркістан қаласында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтамақтастық орталығы» тақырыбында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумы өтті. Алғашқы «Орталық Азия – Корея» форумы былтыр Корея Республикасында өткен болатын. Түркістандағы кездесу осы маңызды миссияның жалғасы ретінде тәжірибе алмасуға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2025
Шалғайдағы ауылдарға «Қолжетімді интернет» желісі тартылды
Түркістан облысы Қазығұрт және Түлкібас аудандарының шалғай елді мекендері интернет желісіне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Түркістанда спорт кешендері бар бірегей ескек есу арнасы ашылды
Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 12 Қыркүйек, 2025
Түркістанда халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталды
Түркістан қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасының түсірілімі басталды. Жоба Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
 
                             
                                 
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                