Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1672 материал табылды

Аймақтар • 18 Ақпан, 2026

Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді

Сауран ауданы Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты зақым келген болатын. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді. Сондай-ақ арнайы техникалармен өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2026

Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Түркістан облысы «Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-ның «Газобетон блогы» өндіріс орны іске қосылды. Жалпы инвестициялық құны – 273 миллион теңге болатын өндіріс орны тәулігіне 200 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2026

Созақ ауданы табиғи газ желісіне қосылды

Түркістан облысының Созақтан басқа барлық аудан, қаласы газбен қамтылған, тек аталған ауданда бұл мәселе шешілмеген еді. Енді Созақтың тұрғындары да газдың игілігін көріп, тұрмыс сапасын жақсартады. Ауданда АГТС-ы бар магистральды газ құбыры, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газбен жабдықтау желілері іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестиция • 13 Ақпан, 2026

Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды

Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 09 Ақпан, 2026

Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді

Қол күресінен әлемге танымал «Шардара армспорт» клубы еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген үздік спортшыларына ерекше құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2026

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм, ал бойы 63 см болатын алып сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2026

Түркістан облысында шалғайдағы ауылдар табиғи газға қосылды

Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округіне қарасты шалғайда орналасқан Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы ақпан айында басталып, биылғы қаңтарда толық аяқталды. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2026

12,3 млрд теңге шығын: Түркістан жолдары неге мерзімінен бұрын бұзылған?

Түркістан облысында ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 2 720 құқық бұзушылық анықталып, 437,1 млн теңге айыппұл салынған. Ауыр жүк көліктерінің жолдарға келтіретін жылдық шығыны орта есеппен 12,3 млрд теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2026

«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026

Түркістанға еліміздің басқа облыстарынан 62 885 адам қоныс аударған

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжановтың мәлімдеуінше, өңірде қоныс аударушылар саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика