Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Қаржы • 28 Желтоқсан, 2023

Базалық мөлшерлеме: Мультипликативті әсер мүмкіндігі

Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1,0 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгіленгені осыған дейін де айтылды.

Энергетика • 21 Желтоқсан, 2023

Энергия тапшылығына жол берілмеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Батыс Пауэр» ЖШС жүгініп, энергетикалық бизнес үшін әділ тариф белгілеу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұраған еді. Энергетика министрлігі «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Энергетика министрінің бұйрығына өзгеріс енгізіп, жаңа тарифтер ұсынуға ниеттеніп отыр.

Қаржы • 14 Желтоқсан, 2023

Микроқаржы ұйымы неге мұңайды?

Қаржы нарығының қатысушылары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНДРА) онлайн микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) қатысты халықтың борыштық жүктемесін азайту шаралары микро және шағын бизнес секторына теріс әсер етуі мүмкін деп санайды. Ал ҚНДРА басқаша ойлайды. Олардың мәліметінше, банк секторында 90 күннен астам мерзімі өткен несиелердің үлесі 5,2 пайызды құрайды, бұл 0,5 трлн теңгеге тең.

Қаржы • 07 Желтоқсан, 2023

Ұлт қаржысының сұрауы бар

Бюджеттің кіріс жоспарын орындай алмай отырғанымыз белгілі. Бұған дейін де бұл міндеттің ел Үкіметіне өте-мөте қиынға соғатынын болжаған едік. Министрлер кабинеті бұл мәселені дәстүрлі әдіспен – сырттан қарыз алу немесе Ұлттық қордың қоржынына қол сала отырып шешіп келгенін осы­ған дейін де жазғанбыз. Кейінгі кез­­дері алыптар «айқасы» басталып кет­кендей әсер қалдырады.

Энергетика • 06 Желтоқсан, 2023

ЖЭО мәселесі оң шешілді

Таяуда «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) мен Еуразия Даму банкі (ЕАДБ) арасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. ЕАДБ Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру жөніндегі жобаны іске асыру мақсатымен АлЭС (Sustainability-Linked Bond/SLB – экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздар) шығаратын орнықты даму облигацияларын (ESD) сатып алуды жоспарлап отыр.

Қоғам • 29 Қараша, 2023

Апорттың бағы қалай жанады?

Қарашаның басында Әділет министрі Азамат Есқараев үкімет отырысында алманың апорт сортын бренд ретінде бекітілгенін хабарлады. Оның айтуынша, меншіктеп алғалы тұрғандардың қатарында апорттан өзге қымыз, құрт, көже, сондай-ақ мал терісі де бар. Қазір бұларды патенттеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Апортты 13 қазанда отандық бренд деп тіркетіп қойған, енді оны халықаралық деңгейде тіркету үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Ал сарапшылар бұл шешім осы сорттың халықаралық на­рықта танылуын және шынайылығын арттыруға ықпал ететінін айтады.

Энергетика • 28 Қараша, 2023

Атом электр стансасы: Жауапты таңдау

Алматыда өткен АЭС жобасына қатыс­ты кезекті талқылауда энергетика мәселесін шешу жолдары туралы жан-жақты сөз қоз­ғалып, көптеген өткір тұстар ашылды. Қазақстан әлеу­ет­ті технология жет­кі­­зу­­шілері ретінде төрт компанияны қара­с­тырып жатыр: CNNC (ҚХР, HPR-1000 реак­­торы), Росатом (РФ, VVER-1200, VVER-1000 реакторлары), KHNP (Оң­түс­­тік Корея, APR-1400 реакторы), EDF (Фран­ция, EPR1200 реакторы). Пі­кір­та­лас осы таңдау төңірегінде өрбіді.

Алматы • 23 Қараша, 2023

Алматы сәулетіндегі тарихи жад

Алматыда өткен жас сәулетшілердің форумы пікір алмасу және перспективалық жобаларды іздеу мәселелеріне арналды. Оның жұмысына қатысқан сарапшылар «ХХI ғасырдың сәулетші-архитекторының мәртебесі қандай, ол Қазақстанның бүгінгі келбетінің заманауи кейіпке енуіне қандай үлес қосып жатыр?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

Өндіріс • 23 Қараша, 2023

Уран дипломатиясы: Ойын ережесінде қолтаңбамыз қала ма?

Еліміздің уран өндіруде көшбасшы екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Бірақ әлемдік уран қорындағы біздің үлес қомақты болса­ да, ойын ережесін анықтайтын елдердің қатарында емеспіз. Шикізаттық бағытқа негізделген экономика­ үніміз бен мүмкіндігімізді тұншықтырып жатыр.

Қаржы • 16 Қараша, 2023

Цифрлы ақша сынақтан өтті

Теңге 30 жылдан кейін толық цифрландырылды. Сонымен ұлттық валюта дамуының жаңа кезеңі басталды. Осымен 11-рет өтіп отырған Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде цифрлы теңгенің (ЦТ) ең алғашқы транзакциясына бір шыны шай сатып алғанын көзбен көрдік. Сол цифрлы теңгеге сатып алған бір кесе шайдың дәмін біз де таттық.