
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Тасқыннан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді
«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызыл жұлдыз елді мекендеріне жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 23 Мамыр, 2024
Мыңбояулы шаһардың тұрғындары Мемлекеттік Орталық музейде өткен дәстүрлі «Музей түні» жобасынан айрықша әсер алды. Тарих пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған үш күндік шараға биыл 35 мың адам қатысты.
Тағзым • 18 Мамыр, 2024
Соғыс ардагері Тамара Александровна Максимова 100 жасын тамаша көңіл күймен қарсы алды. Мерейтой күні оның үйіне Алматы өңірлік гарнизоны Десанттық-шабуылдау әскерлері 61993 және 16194 әскери бөлімдерінің, Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі» ҚҚ өкілдері арнайы келді.
Саясат • 11 Мамыр, 2024
Еліміз Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік үдерісін ілгерілету мақсатында тараптарға кездесу алаңын ұсынған болатын. Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз басталды.
Кино • 09 Мамыр, 2024
Отандық киногерлер қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы көркем фильм түсіруді қолға алды. Аталған туынды Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына, Жеңістің 80 жылдығына орай 2025 жылдың мамыр айында жарыққа шығады деп жоспарланған.
Әскер • 29 Сәуір, 2024
Алматыдағы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларының, қалалық әкімдік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Көрме • 24 Сәуір, 2024
Қылқаламын қаруға айырбастап, майдан даласына аттанған суретшілер аз емес. Олар сұрапыл кезеңнің картинасын көрсете отырып, соғыс жылдары ел басынан өткен ауыр халді боямасыз бейнеледі. Бұл тұрғыда майдангер, еңбек ардагері, суретші, мүсінші Қырғызбай Қаңтарбаев туралы кеңінен айтуға болады.
Алматы • 24 Сәуір, 2024
Алматылық мектеп оқушылары демалыс күндерін тиімді пайдаланып, қаладағы саябақтардың біріне мыңнан аса құс ұясын орнатты. Балдырғандарға айрықша жігер берген жоба «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында қанат қағып отыр.
Жәдігер • 17 Сәуір, 2024
Алматыдағы теміржол көлігі музейіне жолыңыз түсе қалса, шойынжол тарихынан сыр шертетін талай құнды жәдігер алдыңыздан шығады. Мұнда 5 000-нан астам экспонат бар. Әсіресе теміржолшылардың бірнеше буынын қалыптастырған Түркістан-Сібір магистралінің құрылысына пайдаланылған бұйымдар бірден назарыңызды аударады.
Бокс • 16 Сәуір, 2024
27 сәуірде Алматыда кәсіпқой бокстан «IBA-ның Чемпиондар түні» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Басты жекпе-жекте еліміздің даңқты боксшысы Данияр Елеусіновтің Өзбекстан өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы Саиджамид Джафаровпен күш сынасуын жанкүйерлер асыға күтіп отыр.