
Коронавирус • 26 Сәуір, 2020
Жексенбі: Алматыда 28 адам індет жұқтырды
Алматыда COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 28 жағдайы тіркелді. Науқастанғандардың барлығы вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Түгелі дерлік карантинде провизорлық госпитальдарда емделіп жатқан адамдар.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2020
Отандық оқу ордасы БҰҰ-ның жоғары сеніміне ие болды
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабына төртінші мерзім қатарынан басшылық етеді. Бұл – тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып отырған жетекші қазақстандық университеттің табысты қызметінің халықаралық жоғары деңгейде мойындалуының дәлелі.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2020
Алматы маңында бір түнде екі мәрте жер сілкінді
Соңғы айда Алматы маңында жер сілкінісі жағдайлары жиілеген. Қуаты күшті болмаса да 2-3 балды құрайтын жер дүмпулері осы айда Қазақстан-Қытай шекарасына жақын аумақта, Алматы облысының аумағында бірнеше рет тіркелді. 25 сәуір, яғни өткен түнде Алматы уақытымен 03 сағат 56 минутта және 06 сағат 55 минут 25 секундта қос бірдей жерасты дүмпуі тіркелді.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2020
Көліктік бақылау органдары 4200-ден астам заң бұзушылықтарды анықтады
2020 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары ел аумағында 28 032 жүк автокөлігін тексеріп, заң талаптарын бұзған 4231 жағдайды анықтаған. Оның ішінде 219 шетелдік көлік құралы жол жүруге берілетін рұқсат жүйесін бұзған.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Алматы: Тағы екі науқас індеттен айықты
Қатерлі індеттен айыққандардың бірі – 30 жастағы ер адам. Екіншісі 1972 жылы туған әйел кісі. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2020
Көліктік бақылау инспекторларына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. Бұл туралы ИИДМ көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2020
Елімізде жүк тасымалы ұлғайған
Елімізде биыл жыл басынан бері автомобиль көлігімен 5,3 млн жолаушы және 675,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл туралы жауапты ведомства өкілдері хабарлады.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Түрмедегі танысына есірткі тасыған алматылық ұсталды
Полиция департаменті хабарлағандай, 24 жастағы ер адам есірткіні палаудың ішіне жасырып түрмедегі танысына жібермек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 67 грамм болатын «гашиш» есірткісі болып шықты.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2020
Алматылықтарға тауға бармау туралы ескертілді
Алматы тауларында қар көшкіні қаупі артып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Қоғам • 24 Сәуір, 2020
Алматы әкімі мұсылман қауымын қасиетті аймен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.