
Коронавирус • 05 Сәуір, 2021
Коронавирус: Мамандар мұқият болуға шақырады
Тамам жұрттың тынышын қашырып, аты жаман ауру тарағалы бері 300 мыңға тарта отандасымыз індет ілмегіне ілінді. Оның басым бөлігі дертіне дауа тапқанымен, 3 мыңнан астам азаматты ажалдан арашалап қала алмадық. Бүгінде «қызыл аймақта» тұрған Алматы қаласындағы ахуал тіптен күрделеніп бара жатқандай.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Қаршадай қызды қатыгездікпен өлтірген
Наурыз мерекесінің қарсаңында Алматы қаласында жаға ұстатар жағдай орын алғанын газетіміздің сайтына жазған едік. Наурыздың 19-ы күні жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен Алматының 19 жастағы тұрғыны Аяжан Еділованың өлі денесі қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Полиция аталған қылмысқа қатысты жаңа деректерді жариялады. Өрімдей қыздың өмірін қиған қаскүнем 1993 жылы туған Түркістан облысының тумасы екені анықталып отыр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2021
Толассыз жауын салдарынан Алматыны су басу қаупі жоғары
Су басып қалу қаупінің алдын алу және оның зардаптарын жоюға қатысты жүйелі мониторинг жүргізу және нақтылы шараларды ұйымдастыру үшін ТЖД шаһардағы жиі су басып қалатын 17 учаскені есепке алды.
Оқиға • 26 Наурыз, 2021
ҚазҰУ «5 жұлдыз» басымдық белгісіне ие болды
Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтинг агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. Аталған білім ордасы мұндай марапатты иемденген Орталық Азия аймағындағы алғашқы жоғары оқу орны екенін айта кеткеніміз жөн.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
ҚазҰУ қалашығында ағаштар аллеясы ашылды
Наурыз мерекесі және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, 160-тан астам қырым қарағайы мен алтай шыршасын отырғызды, деп хабарлайды Еgemen.kz
Өнер • 25 Наурыз, 2021
Дала шежіресін сөйлеткен суретші
Суретшіні елдік рухтағы шығармалар жазуға қанаттандырған дала шежіресіне деген риясыз сүйіспеншілігі деп түсіндік. Төл тарихтың қазынасын қасиет-қалыбын бұзбай бүгінге жеткізуді мұрат тұтқан туындыгер ұлттық таным мен қазақы тәрбиенің қайнарынан қанып ішкен. Сондықтан болар, отыздан енді асса да отты шығармаларымен өнер өлкесінде өзіне тән өрнегін қалыптастырып үлгерген Мұсабек Әскербекұлының суреттерінде салт-дәстүр сөйлейді. Қылқаламның әр жағындысында қазақы болмыстың иісі аңқып тұр.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Талантымен таңдай қақтырған дәулетияр дарын иелерінің тіршілігінде тұтынған бұйымдары кейінгілер үшін аяулы мұра, құнды жәдігер. Олардың арасында музыка шеберлерінің асқақ рухын аспандатқан аспаптары бір төбе. Мемлекеттік орталық музей Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарына арналған көрме ұсынды.
Спорт • 18 Наурыз, 2021
Самусев пен Жәнібекуулу арасында өтетін айқасқа аз күн қалды
NAIZA Fighting Championship промоушенінің уақытша чемпионы атағы үшін қазақстандық файтер Николай Самусев пен қырғыз батыры Қаныбек Жәнібек уулу арасындағы кездесу миксфайттың жанкүйерлері арасында дау-дамай мен тартысты өрбітуді жалғастыруда. Жанкүйерлер, спорт сарапшылары, кәсіби жауынгерлер – бүкіл ММА қауымдастығы NFC 30 басты оқиғасын асыға күтуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Наурыз, 2021
Алматыға газбен жүретін жаңа 37 автобус әкелінді
Алматының экологиялық ахуалы жұртшылықты көптен алаңдатқан мәселе. Ауа кеңістігіне көліктерден шығатын көк түтіннің зияны туралы экологтар жалықпай айтып келеді. Осыған сәйкес коммуналды және қоғамдық көліктерді жоспарлы түрде экологиялық таза отындарға көшірудің маңызы зор.
Өнер • 17 Наурыз, 2021
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей «Алмалы палитра» суретшілер қауымдастығымен бірлесіп «Мәңгілік дауысы» атты көркемөнер туындыларының халықаралық көрмесін ашты. Өнер жәрмеңкесіне отандық 40 суретшінің, сонымен бірге Ресей, Чехия, Болгария, Германия қылқалам шеберлерінің үздік туындылары топтастырылып отыр.