Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1430 материал табылды

Технология • 31 Қаңтар, 2022

Нанотехнология жол жырына нүкте қоя ала ма?

Жол сораптарының пайда болуы Алматы қаласы үшін өткір мәселенің біріне айналып отыр. Әсіресе соңғы жылдардың бедерінде бұл проблеманы еңсерудің тың тәсілдері қарастырылғанымен, оңды шешім табыла қойған жоқ. Соңғы зерттеуге сәйкес, отандық ғалымдар ойлап тапқан көміртекті нано ұнтақтың жол сапасын жақсартуға айтарлықтай септігі байқалған.

Туризм • 27 Қаңтар, 2022

Маржан мекендер

Қас-қағым сәтті мәңгілік ескерткішке айналдыру әрбір фотосуретшінің арманы. Алыс бір қиырдағы адам аяғы баспаған тылсым көріністерді автормен бірге саяхаттай отырып, табиғат ананың шексіз сұлулығына таңғалмасқа шараңыз жоқ. Бәзбір кенепке салғандай тіл жетпес көркем әлем өз иіріміне тартып әкетеді. Көңілімізді кезекті рет осындай әсерге бөлеген отандық фотогер Деонисий Миттің терең ізденістері.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022

Алматыда жарық неге сөнді?

Сейсенбі күні Алматы қаласының басым бөлігінде электр энергиясына қатысты тұрғындарды алаңдатқан мәселе туындады. Шаһардың бірқатар аумағында бір мезетте жарық сөніп, бағдаршамдар істен шықты.

Таным • 23 Қаңтар, 2022

Құлдырамайтын құндылық

Жан баласына жақсылық жасаудан артық жүрекке жылылық ұялатар дегдар іс жоқ-ау, сірә?! Кеудеңе шәрбат құйғандай рухыңа тыныштық сыйлайтын да сол. Болмыста бар бұл қасиет бойда бұғып қалса көңіл кірлеп, ниет өзгере бастағанның белгісі бәлкім... Адамзат баласы аялдар тұсқа дейін тіршілікті арайға бөлейтін құлдырамас құндылық әлі де миллиард кеуденің тоңын жібітіп, өмірді нәрлендіре бермек.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022

Ұсталғанның бәрі қылмыскер емес

  Күнтізбені қанмен айғыздаған қаңтар қырғыны ел тарихындағы ең бір ауыр қа­сірет ретінде таңбаланды. Бейбіт таңда Отан қорғаушылар мен қарапайым тұр­ғын­­­дар қаза болып, талай ошақтың оты сөн­ді.

Өнер • 18 Қаңтар, 2022

Мәңгілік саяхатшылар

Өнер сүйер қауым Жәмилә Тәкенді шығармашылық кеңістікте өз үні, өз бояуы бар, «дәстүрлі кескіндеме» аясында шебер жұмыс істей алатын әрі өнердің осы түріне деген адалдығы анық байқалатын концептуалды заманауи суретші деп бағалайды. Қылқалам иесінің Ә.Қастеев музейінде ашылған «Көру үшін көзімді жұмдым» деп аталған көрмесіне таңдаулы 100 туындысы қойылған.

Білім • 17 Қаңтар, 2022

Жыршылық мектеп қайта жаңғырды

Алматыда ÖzgeEpic заманауи өнер кеңістігі Jauhar ұлттық музыка жобасын көпшілікке таныстырды. Ұлт мәдениетінің мәйегі саналатын ұлттық музыканы заман талабына сай дамытып, дәстүрлі ән-күй мектептерінің арнасын кеңейтуді мақсат еткен жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Сұхбат • 12 Қаңтар, 2022

Жол ғылымының жағдайы қалай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр автожол­дар­дың ахуалына қатысты сын айтып, «Үкімет пен облыс әкімдіктері ­2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс» деп тапсырма берген болатын. Жол жыры жыл сайынғы Жолдаулардан да тыс қалып жатқан жоқ. Президент ескертпесі салаға деген көзқарасты қырағыландырған тәрізді. Белгілі ғалым Бағдат Телтаев Мемлекет басшысының сынынан кейін «Жол сапасын көтеру үшін ғылым керек» деген талап алға шыққанын айтады. Осы орайда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына 15 жылдан бері жетек­шілік етіп келе жатқан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан және ТМД елдерінің құрметті жолшысына жол ғылымының бүгінгі өрісі туралы бірер сұрақ қойған едік.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Коммуналдық қызметте іркіліс жоқ

Келеңсіздік кезінде Алматының инфрақұрылымы айтар­лықтай зардап шекті. Оқиға ошағында бағдаршамдар мен бақылау камералары қиратылып, қала берді, жаяу жүргін­шілерге арналған тас төсемдерге дейін талқандалды. Бүгінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтер штаттық режімде жұмыс істеуде.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Ахуал тұрақталып келеді

Қала қақпаларына қойылған блок-бекеттер әлі де көліктер мен жеке тұлғаларды қалт жібермей қадағалап тұр. Бұл іске әртүрлі күштік құрылымдардың жүздеген өкілі жұмылдырылған.