
Саясат • 10 Тамыз, 2022
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Бішкек төрінде Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Түбі бір бауырлас халықтардың тұтастығын арқау еткен басқосуға Қазақстан тарапынан осы кеңеске мүше Икрам Адырбеков қатысты.
Экология • 09 Тамыз, 2022
Алматы жасыл желегімен көрікті. Шаһарда «Жасыл Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Жоба негізінде 1 млн ағаш отырғызу көзделген болса, акция басталғалы бері 643 мың көшет егілген.
Өнер • 09 Тамыз, 2022
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Әбу-Насыр әл-Фараби: «Музыка – халық жанының, оның дерті мен қайғысының, ұмтылысы мен шабытының көрінісі» деп пайымдапты. Сиқырлы үннен сәуле тапқан дала данышпанының «Музыка туралы үлкен кітабы» – мәніне үңілген сайын маңызы қалыңдай беретін тағылымды еңбек. Бұл – «Қайырымды қала тұрғындары» трактатымен қатар ғұламаны әлемге әйгілеген теңдессіз ізденіс. Арада қанша ғасыр өтсе де, саз сырына үңілген миллиондаған адам осы құбылаға бет түзеп келеді.
Спорт • 08 Тамыз, 2022
Алматылық футболсүйер қауым айрықша жобаның куәгері болды. Шаһардың орталық стадионына жиналған жанкүйерлер 2006-2008 жылдары ұлттық құрама сапында ойнаған отандық ардагер футболшылармен жүздесіп, ардагер ойыншылардың «Super Bol» әлеуметтік-футбол жобасының өкілдерімен жолдастық кездесуін тамашалады.
Руханият • 08 Тамыз, 2022
Тарихта мәдениеттің жалпыадамзаттық қазынасына елеулі үлес қосқан әйел суретшілер аз емес. Шығармашыл ханымдардың өз қолтаңбасы арқылы әлемге айтары бар. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Таң-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының «Толғаныстар» атты көрмесі ашылды.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Жаздың аптап ыстығында адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенеден абай болған жөн. Жауапты мамандар нақ осы кезде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Өнер • 02 Тамыз, 2022
Өнер әлемінен өз өрнегін іздеген жас суретші Сабина Сұлтанбаеваның қаламындағы жарқын палитра, тақырып таңдаудағы батылдық өмірдің арайлы сәттерін қанық түске бояп, бағалай білген жанға тіршіліктің әр минуты қайталанбас қуаныш екенін паш етеді.
Өнер • 28 Шілде, 2022
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне барып, бауырлас қырғыз елінің шебер суретшісі Сабиджан Бабаджановтың «Бұлтқа апарар жол» атты жеке көрмесін тамашалаудың сәті түсті.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Зейнет демалысындағы полковник Мергенбай Асқаров Алматыда тұрады. Сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның бүкіл өмірі ұлттық қауіпсіздік саласымен тығыз байланысты. Ең ғажабы ғұмырының 40 жылын арнаған құпия қызмет ісіндегі оның өнегелі жолын бүгінде ұл қыздары мен немерелері жалғастырып жүр.
Аймақтар • 12 Шілде, 2022
Азаматтық авиация академиясына барды
Сенат депутаты Динар Нөкетаева Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде депутаттардың назар аударуын талап ететін мәселелер аясында оқу орындарының жұмысымен танысу мақсатында Азаматтық авиация академиясына барды.