
Өнер • 08 Наурыз, 2022
Түстердің тілін терең түсінетін туындыгер табиғат бояуларын көңілге көшіріп алған дерсіз. Суретшіге ең керегі де осы емес пе? Өз орнын таба алмаған бояу туындының мазмұнын қашырады. Есту мен сөйлеу қабілетінен қағажу көрсе де жарық әлемнің алуан түсін өте нәзік иірімде сезініп, сол сезіне білген дүниесін кенеп бетінде шебер айшықтауы Анар Әбжанованың өнер өлкесіне кездейсоқ келмегенінен хабар береді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Жарық күндей жан-жағына шұғыла шаша алатын жандар көп емес. Бірақ жоқ емес. Тіршіліктің мейірім жібін жалғап тұрған солар. Бүкіл әлемді құшағына сыйғызардай үлкен жүректің иесі де солар. Қатал уақыттың қақыраған аязы айналаға қарауға мұрша бермей, жан жылуын өзге түгілі өзіне жеткізе алмай әрі-сәрі күйде мың құбылған қоғамды шарапат құбыласына бастап, ізгілікке үндейтін һәм жарық сәулеге қарай жетелейтін тағы да солар...
Қоғам • 28 Ақпан, 2022
Нағыз домбыра тартқан сайын бабына келеді
Домбыра жасау қолға түскен ағашты жоңғылай беру емес. Саз сиқырының сырына бойлап, оның үнін алдын ала сезіну һәм өз ісіңе үлкен махаббатпен кірісу. Ағаш таңдаудан бастап соңғы әсемдеу жұмыстарына дейінгі әр кезеңде перзентінен үміт күткен әкедей толғанып жүргенің. Сәтті шыққан аспап шертілген сайын ширығып, тартылған сайын тынысы ашылады. Бар назарымыз Нарбек шеберде. Шып-шып терлеген маңдайын қос білегімен алма-кезек сүртіп кезекті туындысының сұлбасын сызып жатқан оның әңгімесі жанымызға жағып барады.
Өнер • 21 Ақпан, 2022
Күнтізбені қасіретпен айғыздаған «Қаңтар оқиғасы» отандық суретшілердің кенебінен көрініс таба бастады. Қылқалам шеберлерінің қолтаңбасы олардың оқиғаға деген көзқарасы ғана емес, қаншалықты ауыр болса да біздің тарихымыздың бір бөлігі.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Тәуелсіздік тағылымын толғаған
Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс-басылым жарыққа шықты. Жинақ қазақстандық жас суретшілердің үздік қолтаңбасымен толыққан. Кітаптың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасы еліміздің барлық мектептері мен кітапханаларына тегін таратылмақ.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Жылдар өтсе де ұмытылмайтын сәттер, оқиғалар болады. Тарих сонысымен құнды. 1993 жылдың мамырында қазақ шекарашылары тәжік елінің ауған жерімен шектескен шебін күзетуге кірісті. 2001 жылдың 8 ақпанына дейін жалғасқан жауапты миссияға қазақ даласынан аттанған ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері мен сарбаздары өз міндеттерін абыроймен атқарды.
Әдебиет • 09 Ақпан, 2022
Мұқағалидың туған күні Алматыдағы Мақатаев пен Желтоқсан көшесінің қиылысындағы ақын ескерткішінің алдына жиналған жастар алма-кезек жыр оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2022
Қаңтар айының соңғы күні алматылық Ержан Жамбауовтың шаңырағында үшем дүниеге келді. Жаратқанның сыйымен алты баланың ата-анасы атанған бақытты отбасына күні кеше «Елге көмек» қайырымдылық қорының бастамасымен баспана кілті берілді.
Өнер • 08 Ақпан, 2022
Мемлекеттік орталық музейде Қазақстанның «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық «Бабалар үні» көрмесі ашылды. Дәстүрлі жоба жыл сайын үздік ұстаздарды рухани алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға жол ашып келеді.
Сұхбат • 07 Ақпан, 2022
Бізге трагедиялы сабақтың қажеті жоқ еді
«Қасіретті қаңтар» оқиғасы талай кемшіліктің бетін ашып, мемлекет бағдарын жаңа арнаға бұрған бетбұрыс жасауға түрткі болды. Қоғам көңіліне үміт ұялап отыр. Болған жайдан сабақ алып, болашаққа байыпты қадам жасау үшін Президент алға ұстаған «Жаңа Қазақстан» идеясының мәні зор. Осы тұста қаңтар трагедиясының ақ-қарасын анықтап, әр іске әділ баға беру тұтас қоғамды елеңдетіп отырған мәселе. Осыған қатысты белгілі саясаттанушы Дос Көшімге бірер сұрақ қойған едік.