
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Ел тыныштығын күзету – қастерлі міндет. Осы бір абыройлы іске жұмылған ҰҚК Шекара қызметінің сай тасындай жас сарбаздары Отан тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2022
Көкөніс бағасы өңірлердегі шалағай жұмыс салдарынан өседі
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша өңірлердің әкімдіктерімен кеңес өткізді.
Сайлау • 21 Сәуір, 2022
Сайлау жүйесіне салмақты көзқарас қажет
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматыға жұмыс сапары барысында қала жұртшылығымен жүздесіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін күшейту және халықтың әділ сайлауға сенімін арттырып, сайлау үдерісі арқылы жаңа бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Сұхбат • 14 Сәуір, 2022
Тоққожа Қожағұлов: Нағыз өнер бүкіл адамзатқа ортақ
Сурет өнерінің саңлағы Сабыр Мәмбеев: «Қазақ бейнелеу өнерінде халқымыздың қайраткер тұлғаларының жарқын галереясын жасаған нағыз шебер» деп баға берген Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың лауреаты Тоққожа Қожағұлов отыз бес жылдан бері өмірін ұстаздық жолмен ұштастырып келеді. Әлдекім салған іздерге әуестенбей өзіне тән шеберлігін қалыптастырған Қожағұловтың қолтаңбасы құрғақ пәлсапа, жаттанды формализмнен ада. Өнерді өмір деп қабылдайтын суретшінің жан сарайына үңілген едік.
Сұхбат • 07 Сәуір, 2022
Көлсай: Отандық туризмнің тынысын кеңейтеді
Жер жәннаты Жетісудың баға жетпес жауһарына баланатын Көлсай көрген жанның көңілін баурайтын көрікті мекен. Аспантау баурайындағы әспеті бөлек әсем табиғаттан қуат алу үшін әлемнің әр түкпірінен жылына мыңдаған турист елімізге ат басын бұрады. Әсіресе пандемия кезінде Көлсай ішкі туризмнің өрісін кеңейткен бірден-бір орынға айналды. Еліміздің туристік әлеуетін дамытатын айшықты мекеннің бүгінгі келбеті туралы «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының директоры Ержан Қалматаевқа сауалдарымызды қойған едік.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор
Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің салтанатты отырысы өтті. Ауқымды жиын ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды.
Бизнес • 25 Наурыз, 2022
Зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі
Әділет министрі Қанат Мусин Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде қаңтар оқиғасы кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалға қатысты мәселе, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың заңнамалық шаралары талқыланды.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2022
Алматыда ғасырлық тарихы бар республикалық «Жас Алаш» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Басылымның мерейлі белесіне арналған іс-шараны түйіндеген басқосуда үнпарақта әр жылдары қызмет еткен журналистер тарапынан әсерлі естеліктер айтылып, оның қазақ қоғамының қалыптасу жолындағы рөлі кеңінен сараланды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2022
«Харекет» мың теңгеден бастау алды
Қолда барды бөлісу, жоқ-жітікке қарайласу халқымыздың салт-санасына сіңген асыл қасиет. Даласынан дархандық дарып, өмір өнегесін ізгілікпен өрнектеген бабаларымыз қайсыбір қилы кезеңдерде де Аллаға жағар амалдан алшақ кете алмаған. Тұрмыс тіршілігі шалқып жатпаса да жақынын жарға тастамай, қайырымдылықтың қақпасы ашылған жерден қалыс қалмайтын, қамқорлыққа бейіл жандар сол сара жолдың жалғасы.
Қазақстан • 14 Наурыз, 2022
Алматыда Алаш ардақтылары ұлықталды
Алматыда Халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Ұлылар үндестігі» атты халықаралық конференция өтті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған мазмұнды іс-шарада тағылымды тұлғалардың өмір тынысы, шығармашылығы, ұлт мұратына байланған ұлы идеялары хақында орамды ойлар айтылды.