
Руханият • 27 Қыркүйек, 2019
Алматыда канадалық қылқалам шеберінің көрмесі ашылды
Алматыда заманауи канадалық қылқалам шебері Майкл Клоуздың «Өнер – ізгілік жолында» деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің қабырғасында салтанат құрған экспозицияға автордың 90-ға жуық туындысы қойылған.
Экология • 23 Қыркүйек, 2019
Алматылық студенттер тазалық күнін өткізді
Қаладағы жоғары оқу орындарының 400-ге жуық студенті Алмарасан шатқалын қоқыс пен қалдықтан тазартты. Осы игі істерімен жалынды жастар еліміздің премьер-министрі бастаған «Бірге - таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. Олар жалпы 8 шақырым аумақты қоқыстан тазартқан.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Алматыда «Елтаным» байқауы өтіп жатыр
Дін қызметкерлерін бір арнада тоғыстырған айтулы байқау осымен екінші мәрте өтіп отыр.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Саланы қолдау жайы назарға алынды
Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Балаларды ерте оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Өткен жылы қала іргесінде тұратын танысымыздың үйін тонаған баукеспелер нақ сол күні, дәп сол көшеде тұратын тағы бір үйдің дүние-мүлкін қолды еткен. Арызданушылар мұны ұрылардың бір үйден алған қымбат тымақты келесі бір үйге тастап кеткенінен білген. Аңғарғанымыздай, бөгденің қасықтап жинаған несібесіне қол сұғып, оңай олжаға кенелеміз деген қылмыскерлер тапайдың тал түсінде біреудің пәтеріне бас сұғып кіруге еш қымсынбайтын болған.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2019
Қала әкімі қаламгерлермен қауышты
Алматы ұлт руханиятын ұлықтаған талай марғасқаларды қанаттандырған мәдениет пен әдебиеттің қара шаңырағы. Сырлы сөз бен сұлу өнердің көрігін қыздырған зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі азаттықтың алтын бесігіне баланатын дәп осы Алматыда шоғырланған. Жаңа қызметіне кіріскеніне көп бола қоймаған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар Одағының қабырғасында қаламгерлер қауымымен кездесті.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2019
Алатау ауданының жарықтандыру мәселесі басты назарда
Алматыдағы ең жас аудандардың бірі Алатау ауданы жұртшылығы тарапынан жарық мәселесіне қатысты арыз-шағымдар жиі айтылып келген еді. Жауапты мамандар жуырда бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп сендіріп отыр. Бүгінде 158 көшенің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп үлгерген.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Алматыда жаңа оқу жылына әзірлік мәселелері талқыланды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті.
Саясат • 12 Тамыз, 2019
Алматылық құрылысшыларды құттықтады
Тамыз айының екінші жексенбісі елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Мерейлі күн қарсаңында Алматыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин қала құрылысына қомақты үлес қосқан еңбеккерлерді құттықтау салтанатына қатысты.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Көктөбе баурайын бір күнде екі рет өрт шарпыды
Жексенбінің кешінде Алматыдағы әйгілі Көктөбе баурайы өртке оранды деген хабар әлеуметтік желі арқылы желдей есті. Мәлім болғандай, 11 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.28-де қалалық 101 қызметіне Көктебе мұнарасына таяу маңдағы тау алқабында өрт тұтанғаны туралы хабар келген.